BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекеттік сыйлық конкурсының келесі кезеңіне жіберілген шығармалардың тізімі

АСТАНА. 15 маусым. BAQ.KZ - Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Рес­публикасының 2012 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалардың тізімін ұсынды. Тізім Егемен Қазақстан газетінде жарияланды.

 

Әдебиет секциясы бойынша

Айтұлы Несіпбек – ақын, «Арқатірек», поэмалар жинағы.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы мен «Тұ­­мар» республикалық әдеби-көркем журналы ұсынған.

Бөдешұлы Жәркен – ақын, «Жұлдызтас», өлеңдер мен дастандар жинағы.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы ұсынған.

Дәутаев Несіпбек – прозашы, «Айғыркісі», «Мінез», 2 томдық таңдамалы шығармалары.

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігі және Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыс­тық филиалы ұсынған.

Досанов Сәбит – прозашы, «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы ұсынған.

Ерманов Жүрсін – ақын, «Ырғай», «Құстың көлеңкесі», «Арнадым сізге» жыр жинақтары.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы ұсынған.

Жиенбай Қуаныш – прозашы, «Ән салуға әлі ерте» романы.

Республикалық «Нұр Астана» газеті мен «Астана» журналы ұжымдары ұсынған.

Қанапиянов Бақытжан – ақын, прозашы, «Светлячки» повестер, әңгімелер жинағы.

«Аударма» баспасы, Қазақстан, Жазушылар одағы­­ның басқармасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры ұсынған.

Ниязбек Рәпілбек – ақын, «Қанағат», өлеңдер жинағы.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы ұсынған.

 

Музыка, театр және кино секциясы бойынша

Авторлық ұжым: Отарбаев Рахымжан, Қасенов Еркін, Мақсұтов Қанат, Анников Денис, Иваненко Владимир. «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі.

Астана қаласының Мәдениет басқармасы ұсынған.

Дінішев Әлібек – әнші, Ұлы Отан соғысындағы Же­ңістің 65 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы.

Қазақстан Музыка қайраткерлері одағы ұсынған.

Мырзабекова Гауһар – скрипкашы, «А.Ви­валь­ди-А.Пьяцолла» «8 маусым» және «Intrabaroque» концерттік бағдарламалары.

Қазақстан Камератасы классикалық музыка ансамблінің ұжымы ұсынған.

 

Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша

Далбай Нұрлан – мүсінші, «Қазақ елі» мону­ментіне мүсіндік композициялар.

Қазақстан Суретшілер одағы ұсынған.

Жүнісов Руслан – ағаш оюшы, «Қазақстан сюитасы» шағын мүсіндер топтамасы.

Қазақстан Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалы ұсынған.

Комиссия бұл шығармаларды ашық талқылауға шығармашылық және қоғамдық ұйымдарды, мәдениет ұжымдарын, осы саланың мамандарын шақырады.

Пікірлеріңізді осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Тел.: 8 (7172) 740475, факс 740568.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер