BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мамай қорғаны «Жер кіндігі» ме?

Астана. 27 қыркүйек. Baq.kz .1942 жылы неміс әскерлері Кеңес армиясының қандай қаһарлы қарсылығына кез­деспесін, жанын оққа байлай отырып, Сталинградты басып алуға ұмтылды. Басып та алды. 200 күнге созылған қанды қырғында шаһардың қира­маған, күлге оранбаған ғи­мараты қалмады. Әсіресе, соғыс қаланың Мамай қорғаны деп аталатын төбесіне байланысты сұрапыл болды. Төбе қолдан-қолға 22 рет өтті. Екі жақ та өзге емес, әсіресе, осы төбе үшін неге барын салды? Неге жан беріп, жан алысты? Мұнда не құпия бар? Әбден қирап қалған қалаға фашистер неге сонша қы­зықты? 

Соғыстан кейінгі жылдары жазылған естеліктер де, кі­таптар да, не болмаса сол со­ғысты басынан өткізген жо­ғарғы шенді офицерлердің (екі жақтың да) жазбаларында өзге майдан жөнінде сыдырта жазғанымен, осы Сталинград шайқасына келгенде сәл мүдіріп, күмілжіп қалатыны бар. Кейбір неміс ге­нерал­дарының естеліктерінде Үшінші Рейхтың осы Ста­линград шайқасына неге сонша маңыз бергені жөнінде астарлап айтып кететін тұс­тары жеткілікті. Ол - құпия Жер шарының «кіндігі» Ма­май қорғаны екендігі. Демек, Гитлер және оны қоршаған орта Мамай қор­ғанының бір құпиясын білген ғой. Әйтпесе қайдағы бір төбешік үшін ондаған мың адамды оққа байлап, қалай да басып алуға барын салмас еді... 1942 жылы Сталинград үшін соғыс қызып тұрған шақта, штур­мбан­фюрер Ойген Штеймле бас­қарған немістердің (СС «4 А») арнайы жазалаушы бөлімшесі қаланың түбіндегі Орловка елді мекеніндегі ежелден құ­пиясы көп, ел аузында аңызға айналған үлкен құдыққа жезбен қапталған он бір жәшік тастаған. Неге? Талай жылдан бері жұртты қы­зықтырған бар әңгіме осыда болса керек-ті. Жәшікті тас­таған соң немістер құдықты жарып жіберген. Тіпті, арнайы СС бөліміне көмек берген одақтастары румын сол­даттарын да сол жерде не­містер атып тастаған. Бәлкім, құпиясы мол жәшіктер жө­нінде сыбыс таралып кетпесін деді ме екен?
Бұл жерде тағы бір еске сала кететін жайт, атақты СС «4 А» бөлімшесі мұнда неғып жүр? Немен шұғылданды? Өйткені басып алған жердегі адамдарды жазалаумен айналысатын бұл бөлімдер, дәл Сталинград түбінде бітіре қоятын тірлігі жоқ еді ғой. Демек, Үшінші Рейхтың арнайы тапсырмасымен айналысқан болуы керек-ау. Сонымен, құдыққа тасталған не қылған жәшіктер?
Алдымен мына мәселеге назар аударалық. Бірінші, Дүниежүзілік соғыс біткен кезде, әбден әлсіреген Гер­мания үлкен дағдарысты бастан кешті. Немістер бұдан шығатын қандайда бір жолды іздеді. Айналасындағы мем­лекеттермен араласуға, көмек сұрауға құрсау қойылған.
Үшінші, Рейх: «Демек, біз неміс халқын бұл қиындықтан алып шығатын және алып шықпақ түгілі, әлемді билейтін ұлт жасау үшін ешқандай халық түспеген сара жол іздеуіміз керек» деген шешім қабылдады. Осыдан келіп немістер ежелгі оккультық ғылымға баса назар аударды. Өйткені ежелгі жазбалардың көбінде адамның жұмбақ күшке қалай ие болуына болады деген түрлі әдістеме көптеп кездесетін. Әлем қо­жасына ие болуға ұмтылған Адольф Гитлер мұндай мис­тикалық әңгімелерді жаны сүйетін. Ескі жылнамаларды ақтара отырып, адамзаттың бүкіл ақыл-иесі жинақталған Тибетке арнайы экспедиция ұйымдастырды. Олар Тибеттен жер кіндігі саналатын тылсым күштің орталығы Шамбаланы табуы тиіс еді. Ол жақтан білімі тасқан, жалпақ дүниенің қыр-сырын жетік білетін ламалар мен монахтарды өзіне алдырды. Олармен күнді түнге, түнді күнге ұластырып әңгімелесті. Тіпті, Еуропадан соғыс құдайының «жеңіс қылышы» атанған семсерді іздестірді. Иисус Христаның қаны тамған жерден топырақ алдырып, құрамын зерттетті. Әрине, оның құдіретін білу үшін де. Мұның бәрі айналып келгенде Гитлердің әлем па­дишаһы атансам деген арман-мұратынан туған еді. Сол тұс­та оккульттық ғылымды зерт­­тейтін «Анненербе» (ежелгі герман тарихын және ертедегі ата-бабаларының шыққан тегін зеттейтін орталық) атты әскери құпия институы құрылды. Бұған сол тұстағы билік аса үлкен қаржы бөлді. Көптеген ғалымдар сол кездегі осы салаға бөлінген ақша американдықтардың атом бомбысын жасауға бөлген қаржыдан он есе көп еді дегенді айтады.
«Анненербе» жобасы бойынша еңбек еткен не­містер көптеген жетістіктерге жетті де. Соның бірі һәм бі­регейі мистикалық қасиеті бар балқыманы жасады. Рас, талай ғасыр осы дүниені жасау үшін әлемнің көптеген ал­химиктер қанша тырыс­қа­нымен, сырын таппаған еді. Ал немістер оған қол жеткізді. Ежелгі мысырлықтар оны «электрум» деп атаған. Яғни, адамның жүйкесіне керемет әсер ететін осы құдіреті күшті дүние арқылы немістер әлемді билеуге ұмтылған. Оны КСРО-ны тізе бүктіру үшін де қол­дануға тырысты. Бірақ қалай? Мамай қорғаны оларға осы үшін керек болған жоқ па еді?
Кеңес елін жеңу үшін, ол тұста атом бомбысы әлі дү­ние­ге келе қойған жоқ. Демек, қалай жеңу керек? Яғни, басқа бір қару қолдану қажет? Ол не? «Анненербе» жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан ғалым мистиктер Жер шары тұтас бір тірі организмнен тұратынын сол тұста білген. Осы мәселе бойынша «Ке­нигсберг - 13» деген әскери зертхана Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласына жақын жердегі Кнайпхоф (қазіргі Кант) аралында жұмыс істеген. «Анненербе» ға­лымдарының жасаған қо­рытындысында Ста­лин­град­тағы Мамай қорғаны жер бетіндегі өте күшті энергия нүктесі, былайша айтқанда, жер-жаһанның «кіндігі» болып саналған. Сол қорғанды басып алып, сол маңдағы құпиясы мол құдыққа әлгі балқыманы тастап, «кін­дік­тен» шығатын аса зор энер­гияның күшімен кеңес елі адамдарының миына әсер ету жоспары жасалған еді. Аса қуатты энергияның шарпуына шалдыққан жұрт тордағы құстай қауқарсыз қалыпқа түсетінін неміс ғалымдары білген. Ал ондай деңгейге түскен жандарды аяусыз қырып тастау түк емес еді. Демек, осы маңда жұмыс іс­теген немістердің СС «4 А» бөлімшесінің алға қойған мақсаты осы болатын. Құпия түрде жәшіктерге салып әкелінген «элетрумды» құ­дыққа жайдан-жай тастаған жоқ. Сондай мақсат болды. Бірақ неге екені қайдам, жос­пар жүзеге аспаған. Ресей ға­лымдарының ай­туынша, сол 1942 жылы құ­дыққа тасталған балқы­ма­ларды қазірде алуға болмайды екен. Өйткені ол балқымалар табиғатпен біте қайнасып кеткен. Егер де ол тепе-теңдікті бұзып, жә­шіктерді кері қазып алуға тырысатын болса, онда үлкен апаттар орын алмақ. Бір ғана мысал, Алтай өлкесіндегі Үкөк үс­тіртінен «Алтай хан­ша­сының» мүрдесін Новосібір ғалымдары қалай қазып алды, солай ол өлкеде ірі жер сілкіністері орын алды. Көптеген адам өлімі болды.
Екінші бір мысал, атақты Ақ­сақ Темірдің көрі қазылып, сүйегі жер бетіне шығарылуы сол екен, немістер КСРО-ға басып кірді. Осылардың бәрін ой елегінен өткізіп, сарапқа салған Ресей ғалымдары құ­дыққа тасталып, артынан жарып жіберген жәшіктерді кері аршып алудың қажеті шамалы деседі. Бәлкім, қан­дайда бір ірі апаттың болуынан жасқанған болар? Демек, Мамай қорғаны жердің «кін­дігі» болып есептелінетіні ақиқат болғаны ғой. Жалпы, Ма­май қорғанына байланысты аңыз әңгімелер көп. Соның бірі «ерте ғасырларда осы өл­кеде өмір сүрген сармат тай­пасының батыр хан­шайымы осы жерге жерленіпті» деген әңгіме. Үлкен оба тұрғызылған. Ханшайымды бүкіл жасау - мүлкімен, жауға шабар ар­ғымағы және қолына ұстаған қасиетті қылышымен бірге жерлеген екен. Кейінен бұл жер көшпенді жұрттың зиярат ететін мекеніне айналған. Алтын орда тұсында бұл төбе Қырым ханы болған Ма­майдың атымен аталған. Аңыз сарматтың батыр ханшайымы аса ғажайып қасиет қонған жан еді дегенді келтіреді. Ол осы тө­беде мәңгілік ескерткіш болып қалатынын тірісінде ескерткен көрінеді. Бәлкім, бұл кез­дейсоқтық па, әлде бір тылсым күштің байланысы ма, кім білсін, әйтеуір Ұлы Отан со­ғысы біткен соң, осы қорған төбесіне атақты «Отан - Ана» ескерткіші қойылды. Онда қолына семсер ұстаған ана бейнесі бейнеленген. Бәлкім, бұл сармат ханшайымының өлмес рухы болар-ау.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
Айқын 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер