BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мақпал Жүнісованың бағалы сақинасы ұрланды

Қазақстан Республикасының халық әртісі Мақпал Жүнісованың екі бірдей гауҺартасы бар, бағалы сақинасы қолды болды, деп хабарлайды 31 арна. Оның қымбаттылығы ақшасында емес, оның сыйға тартылғандығында- дейді әнші. Лағыл және меруерт тастарымен көмкерілген екі жүзік Өскемен қаласындағы концерттен кейін жоқ болған.

Сақиналарымды екі қызға әмияныма салыңдар- деп сеніп тапсырған әнші, біреуге жала жабудан аулақпын, бірақ мәселенің ақиқатына жеткім келеді дейді.

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ: -Үйдегілер алған жоқпыз дейді.
Бағалы әшекей бұйымның сырғасы үйде қалып, сақинасын гастрольдік сапарға алып кеткен әнші Өскеменнен екі бірдей жүзікті қолды қылып оралған. Біреуді сотқа беріп, алқымынан алайын деп жатқаным жоқ, тек кім ұрлағанын білсем болғаны. Ол адам кешірім сұрап келсе де кешіруге дайынмын- дейді әнші. Шамамен он жыл бұрын сыйға тартылған меруерті бар, бриллиантпен көмкерілген бір ғана сақинаны Мақпал Жүнісова шамамен кем дегенде 5000 долларға бағалап отыр. Мәселенің анық-қанығын ғана білгісі келетін әнші жүзіктерді тапқан, немесе оның кім қолды қылғанын айтқан адамға тіпті сыйақы да әзірлеп қойыпты.

Фото: altaynews.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер