BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Made in Astana фестивалі Қазақстанның жас суретшілеріне жаңа мүмкіндіктер береді

3-5 шілдеде Астанада Made in Astana жастар бейнелеу өнері фестивалі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 20 суретші «Энергия молодого искусства» конференциясында танымал суретші Лейла Махатпен және өнертанушы Анжелика Ақылбековамен бейнелеу өнерін сақтау және дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылайды

Еліміздің түрлі қалаларының суретшілері елордада осымен үшінші рет бас қосады. Биыл олар белгілі қазақстандық суретшілердің және француз абстракционисті Дэнис Марконның шеберлік дәрісіне қатысады.

Қазіргі заманғы «Переформат» тіршілік ету қарқынын арттырып, жеке және қоғамдық кеңістігіміздің эргономикалық және эстетикалық критерийлерін мұқият ойластыруға ықпал етеді. Сондықтан биылғы шараны ұйымдастырушы «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы әдеттегі тақырыптарды көтермеуге тырысады

Шараға қатысушылар өз еңбектерін #молодоеискусство, #20лет, #живописьвсегда, #астанагороддляискусства хэштэгтерімен салады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер