BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Лашықтан шыққан миллионер» фильмінің бас кейіпкері Алматыда

«Шәкен Жұлдыздары» кинофестиваліне қонаққа келген британдық актер Дэв Патель бүгін Алматыдағы балалар үйлерінің балғындарымен кездесті. Голливуд жұлдызы «Лашықтан шыққан миллионер» фильмінде жетім Джамелдің рөлін сомдаған болатын.

Ата-анасыз, аш-жалаңаш жүріп, кездейсоқ миллион ұтып алған үнді жігіті туралы фильмді бүгін балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де тамашалады. 2009 жылы «Жылдың ең үздік фильмі» атанып, бірнеше Оскарды жеңіп алған фильмнің бас кейіпкері Дэв Патель ұлты үнді болғанымен, өзі Ұлыбританияда дүниеге келген. 22 жастағы жігіт төрт фильмге түскен мықты актер ғана емес, таэквондодан қара белбеу иегері. Жас жеткіншектер Голливуд жұлдызына өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, сыйлықтарын тарту етті. Балалармен кездесуден соң, Дэв Патель Ұлттық арна тілшілеріне арнайы сұхбат беріп, Қазақстанға жасаған алғашқы сапары жайлы ой бөлісті.

 
Дэв Патель, актер (Ұлыбритания):
Қазақстан жайлы тек ғаламтор білетін едім. Осы жолы Қазақ фестивалінен шақыру келгенде, өзге жұмыстарымды кейінге ысырып, қуана келістім. Қазақ елін, киносын өз көзіммен көрейінші деп. Әлі толық аралап үлгермедім. Дегенмен, қазақ халқының қонақжайлығы мені таң қалдырды. Қанша елде болсам да мені осыншалық жоғарғы деңгейде ешкім күтпепті. «Лашықтан шыққан миллионер» фильмін жақында «Қазақстан» Ұлттық арнасынан көрсететінін естігенде, қатты қуандым. Осынша құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Қазақ елі өркендей берсін, мен де Ұлыбритания мен Америкадағы достарыма Қазақстаннан алған әсерімді керемет қылып жеткізуге тырысамын.  
 
 Нұрсұлу ҚАСЫМ

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер