BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күресінге лақтырылған Керей мен Жәнібекті қайда қоюға болады?!

Астана. 30-қазан. BAQ.KZ. Белгілі қазақстандық мүсінші Сембіғали Смағұлов әлі күнге дейін Керей мен Жәнібекке арнап жасаған ескерткішінің қаламақысын алмаған. Бұл туралы кеше 31-арна жаңалықтарында айтылды.  

Сембіғали Смағұлов ескерткіш үшін уәде етілген 60 млн. теңгені бермегені үшін Астана қалалық әкімшілігін сотқа бермекші. Себебі, бүгінде Керей мен Жәнібектің түр-тұлғасы қазаққа ұқсамайды деген себеппен ескерткіштер қала шетіндегі күресінге лақтырылған. "Бұл мүсіншілер тарапынан жасалған ең үздік туындылардың бірі. Ал, біздің хандарымыз туралы тарихшыларымыздың жазып кеткенінің ескерткішке еш қатысы жоқ" дейді С.Смағұлов.
Сондай-ақ, мүсінші қаржы полициясына хабарласып, қалалық әкімдіктің не үшін қомақты қаржыға ескерткіш жасатып, оны күресінге лақтырғанын анықтауға шағым жасамақ.
Мүсіншінің айтуынша, аталмыш ескерткішке еліміздің басқа аймақтарынан сұраныстар түсіп жатқандығын айтады. Ал, Керей мен Жәнібек әлі күнге дейін күл-қоқыстың арасында тұр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер