BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Құралай Нұрқаділова енді мультфильм шығаруды қолға алмақ

Елімізге есімі белгілі дизайнер әрі модельер Құралай Нұрқаділова енді мультфильм шығаруға бел шеше кіріспекші. Оның бұл бастамасына танымал режиссер Тимур Бекмамбетов ерекше назар аударып отыр. Бұл туралы мәліметті «Tengrinews.kz.» хабарлады.

«Мультипликатор болу - менің ежелден арманым» дейді Құралай. Енді Нұрқаділова сол арманына қол жеткізетін сыңайлы. Мультфильм экшн жанрында түсірілмекші. Алайда ондағы оқиғалар және балаларға арналған дүниенің қалай болатындығын дизайнер әзірше құпия сақтап отыр. Бірақ әңгімесіне қарағанда, ол осыған дейінгі мультфильмдерден өзгешелеу, жаңалыққа толы дүние болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер