BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

Астана, BAQ.KZ. Астанада арнайы түзету мектептерінің оқушылары мен аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін балалардың қатысуымен «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті.

Акцияны «Аяла» қайырымдылық қорының көмегімен «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырды, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көрсетілім басталғанға дейін туынды авторлары балаларға естелік сыйлықтар мен дәмді тағамдарды таратты.

«Біздің суретте ерлік пен батылдық, ата-бабаларымыздың ауызбіршілігі көрініс тапқан. Күлтегін – бүтін бір дәуірдің тарихи тұлғасы. Біздің басты мақсатымыз – сол уақыттың мәдениетін көрсету, анимация арқылы жас көрерменнің тарихымызға деген қызығушылығын арттыру», – дейді анимациялық режиссер Адай Әбілдинов.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы дайындаған тарихи анимациялық мультфильмде көптеген көшпелі этникалық топтарды бір тудың астында біріктіріп, ұлы көшпелі империяның дәстүрлерін жалғастырған түркі қағанатының әйгілі қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы суреттеледі.

Анимациялық фильм 22 қарашада отандық прокатқа шыққан болатын. Қазақ тіліндегі фильмнің ұзақтығы – 60 минут.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
04 Қаңтар 2019, 17:14
Қайырымдылық
Пікірлер