BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күләш Байсейітованың 100 жылдығы туған жерінде тойланады

ҚАРАҒАНДЫ. 10 қазан. BAQ.KZ – Осы аптада Қарағанды облысында КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Байсейітованың 100 жылдық мерейтойы аясындағы мәдени шаралар болып өтпек. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

12 қазанда Қарағанды қаласында «Қазақ Гәккуі - Күләш» атты музыкалық фестивалі өткізіледі. Бұл шараға Күләш Байсейітованың туған-туыстары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлер, К.Байсейітова атындағы конкурстың және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары шақырылып отыр.
Сол күні қаладағы «Шалқыма» концерт залында мерейтойлық іс-шараларға қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өткізіледі. Бұдан соң облыстық әкімдік ғимаратында Қарағанды облысы әкімінің құрметті қонақтармен кездесуі өтеді.
Мерейтойлық ән-күй мерекесіне қазақстандық  танымал орындаушылармен (Нұржамал Үсенбаева, Дина Хамзина, Медет Шотабаев, Жұпар Габдуллина т.б.) қатар, шетелдік қонақтар (Виктор Алешков Санкт-Петербург қ. РФ, Илаха Эфендиева, Әзербайджан) қатысады. Іс-шараның жүргізушісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музыкатанушы Юрий Петрович Аравин.
Мерейтойлық іс-шаралар 13 қазан күні Күләштың туған жері – Ақтоғай ауданында жалғасын табады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер