BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күй көтерер көңілдің көкжиегін...

Астана. 12 маусым. Baq.kz - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Күй дарабозы Уәли Бекеновтің домбырасы музей сахнасында» атты шығармашылық кеш өтті.

Күйші-композитор Қытай Ха­лық Республикасы Үрімші ауданына қарасты Ақтерек ауылында дү­ние­ге келген. «Күй табиғаты», «Шертпе күй шеберлері», «Тәттімбет – Са­ры­жайлау», «Күй көтерер көңілдің көкжиегін», «Өркен жайған қобыз өнері», «Аспаптану», «Күй күмбезі – Тәттімбет», «Күй керуені» сияқты зерт­­теу еңбектерінің авторы. Өз жа­­ны­нан шығарған «Жеңгем сүйер», «Ерен толғау», «Күй аңсаған», «Боз­да­ғым» аталатын күйлері ел арасына кең тараған. Соңғы отыз жылдық өмі­рін қазақтың күй-қазынасын, оның ішінде бұрын қағыс қалып келген шертпе күйлерді зерттеу, на­с­ихаттау, жүйелеу ісіне арнады. Ол – шебер орындаушы ғана емес, күй­лерді нотаға дәл түсіре алатын республикадағы санаулы маман­дар­дың бірі болды. Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Сүгір, Әшімтай, Әбди, Аққыз, Раздық, Қайрақпай, Тө­ле­ген сынды халық композитор­лары­ның бұрын мәлім болмаған талай күйлерін тұңғыш рет нотаға түсіріп, халық игілігіне айналдырды.
Кешті жүргізген Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық кон­сер­ва­ториясының аға оқытушысы, күйші Мұрат Әбуғазы өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылық ізденіс­те­ріне тоқтала келе, «Уәли Бекенов­ті күйшілік өнерге немере ағасы Ерен­қабырға төсіндегі атақты күй­ші Раздық Ахметжанұлы – баулыған екен. Уәлидің атасы Бекен мен Раз­дықтың әкесі Ахметжан – ағайынды кі­­сілер. Уәли нағашысынан «Аң­шы­­­ның зары», «Салкүрең», «Шыңы­­рау» сынды күйлерді үйре­неді. Кейін ұстазы туралы алғаш рет зерт­­теу еңбек жазып, қалың жұрт­шы­лыққа таныстырады.
Раздық өзіне дейінгі Шотабай де­ген күйшінің есімін әрдайым құр­метпен айтып отыратын көрінеді. Шотабайдың тартуындағы әйгілі «Шыңырау» күйі Раздықтың орын­дауында жеткен. Ол халық күйлерін на­қышына келтіріп шертумен қа­тар, өзi де күй шығарған. Өз за­ма­нының көзі ашық, көкірегі ояу, жан-жақты білімді адамы бол­ған. Байлық қуып, мал жинауға құ­лық танытпаған. Жалғыз жүйрік атын, қыран бүркіті мен тазысын қана­ғат тұтыпты. Есесіне, балаларды оқы­тып, өнерлі етіп шығаруға бел­сене атсалысқан. Оқушыларына өз қолымен домбыра жасап беріп, күй үйреткен. Ол ұйымдастырған дом­бы­ра үйірмесінен күй тартуды мең­геріп шыққандардың бірі – Уәли Бекенов.
Уәли Бекенов бүкіл ғұмыры мен күш-қайратын күй өнерін зерт­теуге арнады. Ахмет Жұбановтан кейін­гі ұлттық музыкамызды зерт­теп-зер­де­леп, қажырлы еңбек етті» деп атап өтті.
Бағдарлама барысында Ба­зар­хан Қосбасаров, Жарқын Шәкәрім, Мұ­рат Әбуғазы, Талант Тежекенов, Се­рік Бекенов, Ерасыл Қауым­баев, Дидар Исахан өнер көрсетті. Шә­кірт­тері мен туған-туыстары есте­лік­тер айтып, отбасы күйші дом­бы­расын музей мұрағатына тапсырды.

Базархан ҚОСБАСАРОВ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры:
– Алматы облысы Жамбыл ау­да­нындағы Киров колхозында кі­ші­гірім, бақан тіреп қойған пешпен жылынатын бірнеше ғана бөлмесі бар 8 жылдық мектебіміз бар еді. Сол ауылға 1964 жылы жаңа жоба­мен тұрғын үйлер салынып, шаруа­шы­лығы дамып, жаңа бір өркендеу ке­зеңі басталды. Киров елді мекені жә­не жақын орналасқан Найденов­ка мен Таран ауылдарын біріктіріп «Прог­ресс» қой совхозы құрылды. Ди­ректор болып өмірлік те, кәсіби тә­жірибесі де мол, шаруашылықты жақ­сы білетін, өзі заңгер, өнерді бір кісі­дей бағалайтын, өте мәдениетті Әнуар Мұқашев деген кісі келді. Жаңа совхозға агроном, прораб, зоотехник, веттехник, гидротехник, ме­к­теп директоры секілді бас ма­ман­дар қоныстанды. Үш ауылдың қай­сысы орталық болады дегенде Әнуар аға біздің ауылды таңдапты. Бұл – ұлы Сүйінбай мен Жамбылдың із­басар шәкірті, Қазақстанның ха­лық ақыны, Жазушылар одағының мү­шесі, ақын Үмбетәлі Кәрібаев, Қа­зақстанның халық ақыны, соғыс жә­не еңбек ардагері Әсімхан Қос­басаров тұратын қасиетті мекен еді. Ол кезде Үмбекең де, Әсекең де тірі бо­латын. Әнуар Мұқашев об­лыс­та­ғы таныстарын пайдаланып, Ми­нистр­лер кеңесінің төрағасы Мә­сімхан Бейсебаевтың қабылдауында болып, ауылға күрделі өзгерістер әкелді. Ауылдан 200-250 метр те­рең­­діктен бұрғылап су шығарып, су құбырын жүргізді, жаңа жобамен екі қабатты совхоз кеңсесін, дүкен, ас­хана, шаштараз, қонақүй, мед­пункт бәрібір жерге шоғырланған сауда орталығын салдырды. Совхоз жерінен өңдірілген өнімдерді сақ­тайтын жердің астынан қой­ма, ме­ханикаландырылған қырман жа­­сатты. Екі қабатты жаңа жобамен мек­тепті пайдалануға берді, жолды асфальттады. Найденовка ауылы­нан 1200 балаға арнап мектеп сал­дыр­ды.

1965 жылдың күзі. Бозбаламыз. Кеш­ке клубқа келсем, 20-30 шақты үл­кенді-кішілі ауыл адамдары жи­на­лыпты. Ортада саусақтары да, өзі де нәзік, өте мәдениетті сөйлейтін бір аға сөзінің арасында домбыра, скрип­ка, аккордеон, мандолина тар­тып тұр екен. Біле келсек, Әнуар аға ауыл мәдениетін көтеру үшін Алматыдан өзінің жанына жақын, көз­қарасы бір, ұлттық өнердің гүл­денуіне атсалысып жүрген күйші, өнер зерттеуші Уәли Бекеновты жаңа жобамен салынған үй беріп, от­басымен ауылға келіп, қызмет ету­ге көндіріпті. Уәли ағаның әң­гімесін, аспаптарда орындаған шы­ғармаларын зейін қойып, таңыр­қана тыңдадым. Домбырада мұндай мөлдір, таза, сазды, түсінікті ды­быс­­тарды бірінші рет тыңдауым еді. Әрине, мен ол кеште келешегім өнер­мен байланысатынын біл­ме­дім.
Көп ұзамай, клубқа домбыра ор­кестрі, үрлемелі аспаптар ор­кест­рі, 30 шақты домбыра, аккордеон, ба­лалайка, мандолина секілді ас­пап­тар алынды. Біз күнде кешке клуб­қа келіп, Уәкеңнен домбыра үй­ренеміз, концертке дайын­да­ла­мыз. Біреу «ән салам» дейді, біреуі «күй тартам, билеймін, көркемсөз оқи­мын» дейді. Бәріне Уәкең же­тек­шілік етеді, ерінбейді. Үзілісте өнер тұлғалары тақырыбына ар­нал­ған әңгімелер айтады. Әңгіме ар­қауы Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Ті­лен­диев, Асқар Тоқпанов, Фарида Шә­ріпова, күйші-композиторлар Тәт­­тімбет, Тоқа, Сүгір, Ықылас, Тө­­­­леген, Раздық және басқа тұлға­лар болатын еді. Былайша айтқан­да, қазақ музыка мәдениеті, күй өне­­­рі тақырыптарына арналған лек­­циялар тыңдап, өнерге ынтыға тү­­сетінбіз.
Аз уақыттың ішінде Х.Таста­нов­тың «Би күйі», А.Жұбановтың «Би күйі», Құр­­манғазының «Адай», «Балбырауын», С.Құсайыновтың «Ме­реке», Д.Нұр­пейі­сованың «Той­бас­тар», «8 март», Дәу­­­леткерейдің «Қо­салқа» күйінің екі нұсқасы және басқа күйлерді дом­бырашылар ансамблімен және жеке орындауда үйреніп шықтық. Аудан орта­лы­ғындағы Мәдениет үйін­де концерт бергенде аудан бас­шылары: «Бұл қайдан келген өнер­паздар?» деп таңғалысыпты. Көп ұзамай, Уәли аға­ның еңбегі аудан жұртшылығына аңыз болып тарап кетті, ауыл адамдарының екі сөзінің бірі Уәли болды. Барлық үйлердің төріне домбыра ілінді. Ауылымызға рес­пуб­ликаға танымал өнерпаздар көшіп келіп қоныстанды. Атап айт­қанда, ақын Қанипа Бұғыбаева, ре­жисер, әнші Қанағат Қарашев, ак­тер-ақын Тілепалды Сатышев, ақын Надежда Лушникова, әде­биетші Базарбек Атшабаров, әнші Дабыртай аға. Жаңа жыл, 8 наурыз, 7 қараша, 1 мамыр, 23 ақпан, 9 ма­мыр секілді мейрамдар үлкен кон­церт­термен жалғасып, өте қызықты өте­тін болды. Ауылдағы орта буын Әсім­хан Майлыбаев, Әскен Шө­шік­баев, Марат Айтжанов, Дәулет Кө­песбаев, Халис Сулиев, Жолдас­бек ағалар үйірмелерге қатысып, ақыл-кеңестерін беріп жүрді.
1967 жылы Октябрь революция­сы­ның 50 жылдығы қарсаңында ау­дан орталығындағы Мәдениет үйі­нің ашылуына байланысты С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқар­лар» пьесасын Уәли ағаның жетек­ші­лігімен сахналадық және концерт бер­дік. Уәли аға ауылда тұрып, қа­ла­дағы әріптес-достарымен тығыз байланыста болды. Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қабдеш Жұмаділов ағаның үйіне жиі келіп тұ­ратын, біздің клубтағы репе­тиция­­ға, концерттерімізге де бірне­ше рет келіп, көп әңгімелесіп жүре­тін. Мемлекеттік Әнұран авторы, ақын Жұмекен Нәжімеденовты бі­рін­ші рет Уәли ағаның үйінен көр­дім. Домбыраны жақсы тартады екен. Абылдың күйі «Абылды» осы кі­сі­ден бірінші рет тыңдадым. Са­тирик-ақын Оспанхан Әубәкіров, ком­позитор Әсет Бейсеуов, ком­по­зитор Ескендір Хасанғалиев, әнші Нұрғали Нүсіпжанов Уәли ағаның жиі қонақтары және ауыл жаста­ры­мен кездесу кештерін өткізіп жүрді. Уа­қыт өтіп жатты. Мен соның ара­сын­да мектепті бітірдім, үй жағ­дайы­на байланысты бір жыл бойы совхозда құрылыста жұмыс істедім. Домбыраны кәдімгідей меңгеріп қалдым. Бір күні Уәли аға Сейілхан деген жолдасым екеумізге «Осы кон­серваторияда оқып жүрген ба­лалар сендерден артық емес, екеуің­ді Алматыға оқуға апарамын» деді. Қуанғанымыздан құжаттарымызды жинап, консерваторияның қабыл­дау комиссиясына келдік. 1968 жыл­дың шілде айы. Қабылдау ем­ти­ханының жауапты хатшысы, бел­гілі этнограф-ғалым Болат С­а­ры­баев екен. Консерватория рек­торы белгілі композитор, қоғам қай­­раткері Еркеғали Рахмадиев. Уә­ли аға бәрін танитын болып шық­ты, құжаттарымызды тап­сы­рып, қабылдау емтиханын тап­сыр­дық. Талапкерлер өте көп. Қа­был­дау комиссиясының қорытынды ше­шімімен Сейілхан оқуға түсті, мен өтпей қалдым. Уәли аға Б.Са­ры­баевты тауып алып: «Ауылға бар­дым, балаларды дайындап әкел­дім, қабылдау емтихан қорытынды ба­ғалары өте жақсы» деген секілді сөз­дерді айтып жатыр. Болат аға: «Биыл домбыра аспабына дайын­дық курсына бала алмадық, себебі қылқобыз класын ашып жатырмыз. Ұс­тазы Қазақстанның өнеріне ең­бек сіңірген қайраткер, өзі қо­быз­шы және домбырашы Жаппас Қа­лам­баев болады. Барлық талап­кер­лер­дің арасынан алты баланы қо­бызға таңдап алдық» деді. Уәли аға қой­май, Б.Сарыбаевты ректорға кіруін өтінді. Б.Сарыбаев ректорға бар­лық мән-жайды айтады. Е.Рах­ма­диев: «Егер Жаппас Қаламбаев қар­сы болмаса, оқуға қабылдаңдар» депті. Сөйтіп, Оралдан келген Қуа­ныш Әжімұратов деген жігіт, кейін Құрманғазы оркестрінде жұмыс істеді, Қазақ ССР-нің еңбек сіңір­ген артисі деген атақ алды, екеуміз оқуға түсіп кеттік. Оқуға түскеннен кейін бір жылдан соң Әнуар аға ди­ректорлықтан кетіпті, Уәли аға да от­басымен Алматыға жұмысқа ауыс­ты. Мен оқуды бітірдім, сол оқуға түскен сегіз баланың үшеуі – Қ.Әжімұратов, Қ.Нұрманов пен бір­ге консерваторияны бітірдік. Қал­ған бес жігіт әртүрлі себеп­тер­мен басқа жұмыстармен айналы­сып, оқуды тастап кетті. 1975 жылы консерваторияны бітіріп, содан бері ұстаздық жолды жалғастырып келе жатырмын.
Өнердегі алғашқы ұстазымның «Ба­зархан, консерваториядағы оқып жүрген студенттер сендерден артық емес, оқуға түсіп, жақсы оқы­саң, консерваторияда ұстаз­дыққа қаласың, халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі боласың» деген сөзі бүгінге дейін құлағымнан кетпейді. Консерваторияны үздік бітірдім, ұстаздыққа қалдым, кафедра мең­геру­шісі болдым. «Қазақ­стан­ның ең­бек сіңірген қайраткері» деген құр­метті атақ алдым, доцент, про­фес­сор ғылыми атақтарына ие бол­дым. Осының бәрі Уәли ағамның маған ұялатқан арманының арқасы ма деймін. Халқымыздың күй өне­рін ерінбей, жалықпай зерттеген, бі­лімі мен күшін аямай жұмсаған, сан алуан өнерпазды тәрбиелеген, ақ­пейіл адам Уәли Бекеновтің өсиет-өнегесін әрдайым отба­сым­да, студенттерімнің ортасында өне­ге етіп айтып отырамын.

Дереккөз: aikyn.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер