BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көздеріңе ғашықпын

Сыр өңірінің жыр сүлейлерінің өнерін жалғастырушы, суырыпсалма ақын, әнші-композитор Елена Әбдіхалықованың «Көздеріңе ғашықпын» атты компакт-дискісі жарыққа шықты.
 «Сегіз қырлы,бір сырлы» өнер иесінің халыққа ұсынған жаңа дискісі бай мазмұнымен ерекшеленеді. Шағын кітапша түріндегі безендіруі де айрықша. Ақынның 17 әнін тыңдай отырып, 45 беттік жаңа өлеңдерін оқып, суреттерін тамашалауға болады. Жаңа жинақта ақын өзін алғаш рет композитор ретінде халыққа танымал еткен «Есіңе мені алғайсың», жаңа өлеңі «Кешір мені» әндерін белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлымен қосылып шырқапты. Бүгінде көпшілік сүйсініп шырқап жүрген «Көздеріңе ғашықпын», «Қош дерсің», «Махаббат жыры» әндері де осы альбомға тоғыстырылған.Тұрсын ҚАЛИМОВА Атырау облысы http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6035&Itemid=44

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер