BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кореяның атақты режиссері Астана туралы фильм түсірмек

Кореялық «Менің жолым» фильмінің режиссері Канг Чже Гю (Kang Je-Gyu) Астанада фильм түсіруді қолға алмақ. Бұл туралы ол «ASTANA» экшн-фильмдердің III Халықаралық кинофестивалі шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазақстанда алғаш рет болып отырмын, Астанаға алдыңғы күні келіп, кеше қаланы араладым, сонымен қатар катермен серуендедім, қаладан ерекше әсер алдым. Астананың Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы жақсы мүмкіндік береді деген пікірдемін, бұл өтпелі жол. Мен Сіздердің тамаша астаналарыңызды сезіндім, сондықтан маған осында бюджеті аз кинофильм түсіру идеясы келіп отыр», — деп мәлімдеді режиссер.

Дереккөзі: BNews.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер