BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көкшетау мұражайына көнеден мұра болған кір тасы тапсырылды

КӨКШЕТАУ. 18 шілде. BAQ.KZ - Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына көптеген палуандардың қолынан өткен спорттық кір тасы тапсырылды. Бұл кір тасы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік интитутының тарих және этнология саласының ғылыми жеткешісі Ахмет Тоқтабайға тиесілі болған. Ол кісіге Алматының 80 жасар тұрғыны Прохор Николаевич Кудрявцев арқылы жеткен екен. Ақсақалдың айтуы бойынша осынау кір тасы 1930 жылдары әкесінен мұра болып қалған.  Оның әкесі Николай Кудрявцев жылжымалы цирктың кір көтеруші алыбы болып өнер көрсеткен.

Бәлкім осы кір тастарымен Верный қаласының алаңында Поддубный, Зайкин, Шемякин, Қажымұқан Мұңайтпасов өнерін көрсетіп, танылған болар.

Бәлкім ол атақты Балуан Шолақ көтерген тастың бірі болар. Оған да негіз жоқ емес. Өйткені біртуар тұлғаның 51 пұт (830 келідей) тасты көтерген жері де осы Көкшетау болатын.

Көпшілік осынау спорттық кір тастары өзінің әуелгі бастауын Грециядан алады деседі. Себебі, дәл сол жердегі ең алғаш Олимпиада ойындарында ауыр зат ретінде пайдаланған бұйымдардың, қазіргі кір тастарымен көп ұқсастығы бар. 

Алайда 13 ғасырда пайда болып, өзіндік формасы сақталған кір тастары ойда-жоқта ойлап табылған көрінеді. Орыс зеңбірекшілері зеңбіректі оқтау үшін үлкен күш жұмсаған.  Сол үшін қарапайым ғана тәсіл ойлап тауып, зеңбірек оғына тұтқа орнатып, сонымен қолдың бұлшық еттерін шынықтыратын болған. Осыдан соң зеңбіректің оғын оқтау жылдамдығы бірнеше есеге ұлғайған.

 

 

 

 

 
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер