Қытайдағы қандасымыз домбыраны рекордтар кітабына енгізді (ФОТО) - Өнер|03 Қыркүйек 2012, 15:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайдағы қандасымыз домбыраны рекордтар кітабына енгізді (ФОТО)

АСТАНА. 3 қыркүйек. BAQ.KZ - Қытайдағы қандастар қазақтың ұлттық мұрасын әлемге таныту бағытында тағы бір игілікті іс істеді. Қытайдың Буыршын ауданы Егізтөбе ауылының тұрғыны Болатбек Қарымқанұлы жасаған кішкентай домбыра әлемнің рекордтар кітабына енді, деп жазады kazakh.cntv.cn.

Қолөнер шеберінің кәдімгі музыка аспаптарын жасауға қолданылатын қызыл ағаштан ойып жасаған домбырасының ұзындығы 5.4 сантиметр, ені 1.4 сантиметр, биіктігі1.2 сантиметр ғана болған. Яғни ұлттық аспап ересек адамның шынашақ саусағынан да кішкентай екен. «Ол кішкентайлығына қарамастан қазақтың қара домбырасынан айнымай жасалды. Тіпті инемен шертіп те көруге болады»,- дейді қуанышы мен мақтаныш сезімін жасырмаған қолөнерші. Жақында оған 01-1201-09541 нөмірлі әлемдік рекорд куәлігін табыстапты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер