BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қыдырәлі «Қарақатты» саудаға шығармақшы

АСТАНА. 31 мамыр. BAQ.KZ - Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» компаниясы жаңа ойыншықтарды сатылымға шығармақ. «Қарақат» есімді ұлттық нақышта жасалған қуыршақ – компанияның ең қымбат ойыншығы. Бұл туралы бүгін Астанада өткен журналисттермен кездесу барысында белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл ең қымбат қуыршақ болады. Оған «Қарақат» есімі берілді. Міне, өзі де қасымда отыр. Оның ерекшелігі – қуыршақтың киімі Қарақаттың концерттік көйлектерінің үлгісі бойынша жасалған, Қарақаттың даусымен ән салады. Бұл ойыншық – қолөнер туындысы. Мұның барлығы кез келген халықаралық көрмелерде ұялмай көрсете алатындай деңгейде жасалып отыр, сонымен қатар бұл қуыршақты кез келген елші, саясаткер, президентке сый ретінде тартуға болады», - деді Қ.Болманов.

Оның айтуынша, «Қарақат» қуыршағын 4000 дана етіп шығару жоспарланған. Алайда, қуыршақтың жасалу күрделілігіне байланысты бір жарым жыл ішінде тек 1000 данасы жасалған.

«Қуыршақ әр такті сайын қозғалады. Жалпы, Қытайда шығатын көптеген ойыншықтарда такті деген болмайды. Дыбысы ерте бітіп, қолы артына шошаңдап жатады. Біз мұның барлығын ескердік. Сондықтан да оның жасалу жұмысы ұзаққа созылды», - дейді Болманов.

Танымал продюссердің айтуынша, «Қарақат» есімді қуыршақтың құны – 20 мың теңгеден кем болмайды.

Сонымен қатар, «Бал-бала» компаниясының тағы бірнеше жаңа ойыншықтары жиылғандар назарына ұсынылды. Олардың қатарында қауіпсіз және бала сұрағына жауап бере алатын жұмсақ қонжық пен басқару пульті арқылы қабырғамен, төбемен жүре алатын жол талғамайтын машина бар.

 

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
12 Желтоқсан 2018, 10:03
17 млн-дай теңгемен саудаға...
Пікірлер