BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қыдырәлі Болманов журналистерді төл мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 28 маусым. BAQ.KZ – Қазнетті дамыту жөніндегі медиа жобаларды іске асырушы «Қазконтент» АҚ мекемесіне бүгін арнайы ат басын тіреген белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

BAQ.KZ ақпараттық порталы мен BNews.kz ақпараттық агенттіктері секілді медиа жобаларды жүзеге асырып отырған "Қазконтент" ұжымына ақжарма тілегін жолдай тұрып, өнер саласының журналистикамен байланысына тоқталды.


—    Мен БАҚ өкілдерін айрықша қадірлеймін. Жалпы өнер адамдарының тыныс-тіршілігі журналистермен тығыз байланысты. Өйткені қандай да бір істі жүзеге асыру барысында оны дер кезінде көрсете білген де жөн. Осы тұрғыдан келгенде өз басым баспасөз қызметкерлері тарапынан үлкен қолдау тауып келе жатқанымды жасырмаймын. Әрбір ілкімді ісімізді жарқ еткізіп көрсетіп, жалпақ жұртшылыққа насихаттап жатасыздар. Сіздердің әрқайсыларыңызға шын жүрегімнен рахметімді айта отырып, құттықтаймын.Еңбектеріңіздің жемісті болуына, жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін. Бүгінгі күні қоғам дамуында әсіресе интернет жобаларының атқаратын рөлі зор. Сол маңызды саланы дамыту үшін мына сіздердің денсаулықтарыңыз мықты, шабытты болуларыңызды, жобаларыңыз әрқашан алда және биікте болуын тілеймін», - деді ол.




 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер