BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚАЗАҚТЫҢ ЖҮЗ ӘНІ»: біз жай көрермен іздемейміз!

29-30 қаңтарда Алматыдағы Solo клубында «Қазақтың жүз әні» атты теңдесі жоқ жобаға қатысушыларға кастинг өтті. Бағдарлама түсіріліміне қазақ жерінің түкпір-түкпірінен келген екі жүзге жуық кез-келген салада қызмет ететін, кез-келген жастағы өнер сүйер қауымы қатысты. Кастинг өз мәресіне әлі жеткен жоқ. Ұйымдастырушылар бұл жобаға қызықты да тартымды адамдарды әлі де іздестіруде.
Кастинг – жай көрермен жинау емес, қазақ өнері мен мәдениетінен хабардар, білімді жандарды бақтарын сынауға шақырып, шығармашылыққа жаны жақын, өнер десе ішкен асын жерге қоятын, қазақ әнін сүйіп тыңдайтын азаматтарға есігін айқара ашты. Олар тек түсірілімге қатысып қана қоймайды, теледуманның нәтижесіне де ықпал ете алады. Студия қонақтары Қазақтың әндеріне қатысты сұрақтарға жауап береді, сөйтіп сол бағдарламаға қатысатын сүйікті жұлдызымен ән айту мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламада неғұрлым көп сұраққа дұрыс жауап беріп, аудиториядан көп дауыс жинаған адам жеңіске жетеді. Бас жүлде – «Қазақтың жүз әні»жобасының эксклюзивті мүсіншелері және алтын қорға енетін жүз әнге өзі ұнатқан туындыны қосу құқығы. «Қазақтың жүз әні» жобасы эфирге Қазақстан Ұлттық арнасынан 25-ші ақпаннан бастап шығады. Бұл – қазақ халқының асыл мәдени мұрасын насихаттау мақсатында жасалып отырған жоба. Жобаны насихаттауға байланысты сұрақтарға баспасөз координаторы жауап береді. Қазақ тілді БАҚ: Айжан ЕСІМБЕКОВА 8 777 288 99 70, e-mail esimbekova84@mail.ru Орыс тілді БАҚ: Артем КРЫЛОВ 8 701 747 91 29, e-mail tyomson@list.ru http://kaztrk.kz/kaz/news/100_songs/KAZAKTIN_ZhUZ_ANI__biz_zhaj_korermen_izdemejmiz.html#go

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер