BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына – 90 жыл

Астана. 17 қазан. BAQ.kz Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайда ашық есік күні өтті. Биыл мекеме қызметкерлері батырдың туғанына 90 жыл толуына орай әр түрлі шаралар өткізуде 

Биыл мекеме қызметкерлері батырдың туғанына 90 жыл толуына орай әр түрлі шаралар өткізуде. Мемориалдық мұражай - 1930 жылдары қазақтың қаһарман қызының тұрған үйі. Мұнда келушілерге Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерліктерінен тағылымды естеліктер айтылды. Мұражайда қазір бес мыңнан астам жәдігер бар. Осында сарбаздар мен студенттер сонымен қатар көршілес облыстардың ардагерлер ұйымдарының өкілдері де жиі болып тұрады.
Гүлнәр БАЗАРОВА, Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайының ғылыми қызметкері:
- Әлі де 90 жылдыққа байланысты мәдени шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл шараларды бірігіп өткізуге Невель қаласынан және басқа да облыстан қонақтар шақырып отырмыз. Ал алдағы уақытта жоспарланған шаралардың бастамасы ретінде бүгінгі еске алу шарасы өтіп жатыр.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер