BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар Мәскеуде жоғары өнер көрсетті

26 қараша мен 29 қараша аралығында Мәскеу қаласында халықаралық бірінші парадельфий фестивалі өткізілді. Ол фестивальде Қазақстандық бірінші Парадельфий ойындарының дарынды жүлдегерлері “Sensetive” (Петропавловск қ.) ұжымы мен ишара тілінде ән орындаушы қыздарымыз Эльмира Балтыкова (Алматы қ.), Айнур Саинова (Петропавловска қ.) қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық сайыста Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Франция, Аргентина, Нидерланд, Испания мен Португалия сияқты шетелдің өкілдері өздерінің өнерлерін паш етті. Жарыстың үздік қатысушылары бейнелеу өнері, аудиовизуалдық өнер, театр өнері, музыка өнері, көркемсөз, хореография өнері, ерекше жанр және ишара тілінде ән орындау сияқты сегіз аталым бойынша өзара сайысқа түсті. Қазақстаннан барған қатысушылар хореография мен ишара тілінде ән орындау аталымдары бойынша лайықты өнерлерін көрсетті.

Қазақстандағы бірінші Парадельфий фестивалінің аясында өткен Степногорск қаласындағы ХІІ ұлттық Дельфий ойындарында (2016 жылғы 1-5 қараша) «Sensetive» ұжымы мен Айнур Саинова «хореография» мен «ишара тіліндегі әнді орындау» аталымдары бойынша бірінші орын алып, фестивальге жолдама алғандары белгілі.

Шетелге шығу жолақысы мен орналасу шығындарын Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитеті мен «Болашақ» түлектері ассоциациясының корпоративтік қоры өзіне алды. Олармен бірге халықаралық шығармашылық аренаға Эльмира Балтыкова да сәттілік жолдамасын алған болатын. Ишара тілінде тамаша ән орындайтын дарынды орындаушыға Степногорск қаласы әкімдігі қолдап, үлкен көмек көрсетті. Степногорск қаласының басшысы Ануар Кумпекеев бірінші Парадельфий ойындарына бару грантын Эльмираға өзі табыстады.

Республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Петропавлдық “Sensetive” ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрермендерге “Танго”, “Баяу фокстрот”, “Сиквей” мен “Ча-ча-ча” билерінен тұратын төрт номер көрсетті. Ал ишара тіліндегі әндерді керемет орындайтын сүйкімді қыздарымыз Эльмира Балтыкова мен Айнур Саинова “Халқым-ай”, “Қазақстаным алға”, “I love you like a love song” және “Лебединая верность” деген әндермен жарысты тамашалауға келген қонақтардың жүректерін жаулап алды. Өнерлеріне тәнті болған көрермендер орындаушыларды сахнадан жібермей ұзақ қол соқты.

«Қазақстаннан келген дарынды балалардың сахнада көрсеткендері бұл жоғары деңгейлі шеберлік. Сөзсіз, бұл қошеметке лайық балалар», – деп атап өтті Халықтық қоғамдық фронт штабының Мәскеу өңірі бойынша мәдениет саласынның жетекші сарапшысы, актер, қоғам қайраткері Владимир Брилев.

Фестиваль қатысушыларының барлығына салтанатты түрде сертификаттар табысталған ойындардың жабылу салтанатының Гала-концерті Мәскеудегі «Космос» қонақүйінің концерт залында өткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер