BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық жас суретші Иосиф Кобзонға оның портретін сыйлады

АСТАНА. 17-қазан. BAQ.KZ. Ертең Астанада І Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің мерейтойлық қарары қабылданады. Бұл туралы Конгрестің 20 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов мәлім етті.

 

«1992 жылы 18-қазанда Алматыда алғаш рет І Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресі өтті. Биыл Конгрестің мерейтойы. Біз 20 жылдық тарихты таразылап, жетістіктеріміз бен атқарар жұмыстарымызталқылайтын боламыз. Бұл жиын Алматыда өтпей тұрып 100 жыл бұрын Чикагода басталды. Содан кейін бұл бастаманы араға ғасыр салып Қазақстан елі жаңғыртты. Қазір арамызда осыдан жиырма жыл бұрын Алматыда өткен конгресске қатысқан Карина есімді Германиядан келген ханым отыр», деді баспасөз мәжілісінде Төлеген Мұхамеджанов.
Бұл жиынға жақында ғана 75 жасқа толған Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон да қатысты. КСРО-ның Халық әртісі Иосиф Кобзонға қазақстандық жас қылқалам шебері Ермұрат Ерхасан оның портретін сыйға тартты.
"Бұл күтпеген сый болды. Алғысым шексіз. Егер адамдарға біреу сыйлық берсе, ол бір рухани жасап қалады. Сондықтан, осы сыйлықты жасаған жас өнер иесіне үлкен алғыс білдіремін", деді Иосиф Кобзон. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер