BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық әншіні біреулер ұрып, тонап кетті

Қазақстандық әнші Динара Қайырқожаны үйінің кіреберісінде біреулер ұрып, тонап кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі әншінің өзіне сілтеме жасап.

«Кешке жұмыстан келіп, үйімнің кіреберісіне енгенім сол екен, біреулер бетімнен ұрып жіберді. Сөмкемді алып кетті, онда ұялы телефон, ақшасы бар әмиянды, жаңа шығармаларым жазылған бірнеше CD диск болған», деді әнші қыз.

Оның сөзіне қарағанда, зардап шеккенін айтып, полицияға хабар бермеген.

«Мен бұны кім істеуі мүмкін екенін де білмеймін. Пәтердің кілті сөмкемде кеткендіктен үйіме біраз уақыт бойы кіре алмай әуре болдым. Енді түнде көшеде абайлап жүретін боламын. Жеке күзетші алмақпын», деді Динара Қайырқожа.

Естеріңізге саламыз, Динара Қайырқожа көптеген байқаулардың лауреаты, «Студия 54» тобының әншісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер