BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда Шыңғысхан ұрпақтарының көмілген жерлері табылды

АСТАНА. Тамыздың 15-і. BNews.kz  – Екібастұз  маңындағы Әулиекөл аталатын жерде  Алтын Орда кезіндегі кесененің  орны табылды. Онда Жошы ханның ұрпақтары мен Шыңғыс ханның үлкен ұлы жерленгендігі анықталды, деп жазады  «Мегаполис» газеті.

«Бұл қорымда Жошыханның ұрпақтары жерленген.  Екінші сөзбен айтқанда,  XIV ғасырда билік құрған хандардың Әулиекөлде  әкімшілік және саяси орталықтары қоныс тепкен.  Ол Сарыарқаның шығысы  мен Ертіс маңы тұрғындарын түбегейлі біріктіріп отырған», деп әңгімелейді архелогиялық экспедицияның басшысы Тимур  Смағұлов.

Ғалымдардың  болжамынша,  кесененің биіктігі  20 метр болған.  Сонымен қатар үстінде алып әшекеймен өрнектелген күмбезі де болған. Бұған қарап оқымыстылар ғимаратты кәсіби сәулетшілер мен құрылыс мамандары салған деген жормалға келіп отыр.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/56385/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер