BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан журналистерінің «Солай болған» атты естеліктер сериясының тұсауы кесілді

АСТАНА. 26 маусым. BAQ.KZ - Бүгін Ақпарат және мұрағат комитетінің арнайы жобасы аясында жарық көрген Қазақстан журналистерінің «Солай болған» атты естеліктер сериясының тұсауы кесілді. Кітапта елге танымал бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өз өмірлерінде басынан өткізген қызықты сәттерін баяндаған.

Сонымен қатар, аталмыш жинақтың «Был случай» деген тақырыппен орысша нұсқасы да қалың оқырманға жол тартып отыр. Ұшқыр қалам иелерінің кәсіби мерекесіне орайластырылып шығарылған кітаптардың құрастырушылары - Бас редакторлар клубының мүшелері Нұртөре Жүсіп пен Александр Тараков.


Нұртөре Жүсіп, «Айқын» газетінің бас редакторы:
- Кітап өте қысқа уақыт ішінде басылып шықты. Бірақ оның өміршең болатынына сенемін. Өйткені журналистердің басынан өткен тосын оқиғалар сол заманның тынысын ашып көрсетеді. Биыл ел егемендігіне 21 жыл толатындықтан жинақта жиырма бір қаламгердің оқиғалары баяндалады. Алдағы уақытта кітаптың жалғасын шығару жоспарда бар.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер