BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаттары анықталды

АЛМАТЫ. 28 маусым. Бүгін Алматыда Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2012 жылғы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Респбуликалық шығармашылық байқаудың қорытындысын қараған  Басқарма шешімімен түрлі аталымдары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Оған:  «Репортерлік жұмыста» - Шалқар» радиосының журналисі Гүлсара Қабыланова,  «Мегаполис» газетінің шолушысы Владимир Северный. «Телевизиялық жұмыста» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шолушысы Қанат Әуесбай, «Хабар» телеарнасының Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар. «Іздеу материалдарында» - әдебиеттанушы Герольд Бельгер, «Алматы» телеарнасының тілшісі Назым Дәулетқалиқызы. «Экономикалық шолуда» - «Петролеум» журналының редакторы Олег Червинский пен  Қайым-Мұнар Тәбеев. «Саяси шолуда» - журналист Дмитрий Воскобойников, кинорежиссер Ермек Тұрсынов. «Журналистік зерттеуде» - «Караван» газетінің бөлім меңгерушісі Елена Коэмец, «Неделя СК (Солтүстік Қазақстан облысы) газетінің журналисі Елена Чернышева. «Зерттеу жұмысында» - «Не болей!» газетінің бас редакторы Михаил Амбарцумян, Итен Қарымсаұлы.  «Фотожұмыста» - Валерий Жандәулетов пен  Диар Қонаев. «Ғылыми-танымал жұмыста» -  «Уйгур Авази» газетінің бөлім меңгерушісі Ершат Асматов, «Егемен Қазақстан» газетінің  шолушысы Қарашаш Тоқсанбай. «Медиа-жобада» «Қазақ» газетінің және «Айқап» журналының бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев, «Қостанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченко ие болды.  Ал Қазақстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Қайрат Әбусейітов, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, «ПетроҚазақстан» компаниясының вице-президенті Бақытжан Исенғалиев, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Сламжарн,  «Адам құқығы хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова баспасөзді қолдағаны және журналистермен өзара түсіністігі үшін одақтың арнайы дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан фотожурналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газетінің Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығы Шүкір Шахайға, ал «Казинтерес» редакциялық-баспа  тобының  Амангелді Ахметалимов атындағы сыйлығы  фотоақпараттық қызметі ұйымдастырғаны үшін «Vox Populi»  интернет-порталының шығармашылық ұжымына берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер