Қазақстан спортшылары бейнеленген ойын карты шығарылмақ - Өнер|24 Тамыз 2012, 09:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан спортшылары бейнеленген ойын карты шығарылмақ

Қазақстандық спортшылар ойын қартында. Қызылжарлық суретші Валерий Крестников Сәпиев, Чиншанло, Манеза сияқты Олимпиада чемпиондарының бейнелерін карттарға салып жатыр. Бұл – оның екінші топтамасы. Бұған дейін суретші қазақстандық атақты саясаткерлерді әзіл суреттермен бейнелеген еді.

-         Вот девушка более, как сказать, глаза, улыбка такая широкая. Ближе к модельному ряду такая.

Бұл – Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза. Велоспортшы Александр Винокуровтың суреті баспаға дайын болса, Серік Сәпиевтың бейнесі салынып бітуге жақын.

Валерий Крестников, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі:

-          Сәпиевке қарсыласына бір қарағаннан жүрегін шайлықтыратындай кейіп бердім. Көзқарасы, тұрған тұрысы, бояу реңкі – барлығы ретке келтірілгеннен кейін компьютерге салынады.

Спортшылар бейнеленген топтамада 54 ойын қарты болады.  Оған Үшкемпіров, Яровенко секілді бұрынғы жеңімпаз спортшылар және спорт шенеуніктері де енгізілмек.

Валерий Крестников, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі:

-         Олимпиада ойындары басталысымен-ақ біздің спортшылардың, жаттықтырушылардың қимылдарын, әдеттерін қалт жібермей бақыладым. Сол кезден алғашқы суреттерімді сала бастадым.

Валерий Крестниковтің бұған дейін саясаткерлерге арнаған әзіл суреттері көпке дейін интернет беттерінен түспеді. Кейін ойын карты ретінде басылып шықты да. Мәселен, Кәрім Мәсімов тұз,  Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшылары мен облыс әкімдеріне корольдер бұйырды.

Ғалым Байтоқ, «Республика-Аймақ-Даму» ҚҚ президенті, идея авторы:

-         Бұл карттар сыйлықкәде ретінде туристерге арнап жасалады. Дегенмен онымен ойнауға да болады. Саясаткерлердің суреттері басылған карт сауда орындарында 3 мың теңгеден сатылып жатыр. Мұның да құны сол шамалас болатын шығар.

Жаңа топтамада  кімнің тұз, кімнің балта болатыны әзірге құпия сақталуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер