BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған елорда мектептерінің көшбасшы-оқушылары арасындағы байқау

Астана. 1 қараша. BAQ.kz Ішкі саясат басқармасы Білім беру басқармасымен бірге Астанада алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған елорда мектептерінің көшбасшы-оқушылары арасында байқау өткізуде деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты  

Байқаудың мақсаты: жастардың білімге құштарлығын арттырып, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру, олардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.
Міндеті:
- өз елінің жетістіктері мен табысын құрметтеп, бағалаушы «қазақстандық-патриот» бейнесін кеңінен таныту;
- жастардың санасында ортақ мақсаттар мен болашаққа сенім қалыптастыру.
Байқау қатысушылары: жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары. Қатысудың негізгі шарттары:
- мектептегі негізгі пәндер бойынша жақсы баға;
- логикалық және психологиялық тапсырмаларды орындай білу;
- кең дүниетаным, жоғары IQ;
- қоғамдық өмірге белсене қатысу;
- көшбасшылық қабілет;
- шешендік қабілет болып табылады.
Байқауды өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылып, құрамына Ішкі саясат және Білім беру басқармаларының, Тұңғыш Президент мұражайының, «Астана дарыны» аймақтық тәжірибелік орталығының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері және БАҚ өкілдері енгізілді.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті қаланың барлық білім беретін мектептеріне 2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған елорда мектептерінің көшбасшы-оқушылары арасында байқау өткізу туралы хат жолданған 12 қазаннан бастап белсенді жұмыс жүргізуді бастап кетті.
Хатта байқаудың негізгі шарттары мен өткізілу мерзімі көрсетілген. 17 қазанда қаланың білім мекемелерінен байқауға қатысуға тілек білдірген 50 өтінім түсті. Бұл мектеп кезеңінде барынша көп балл жинаған қатысушылар.
Олар өздерінің шығармашылық дарындарын, жеке тұлғаларын, белсенді қоғамдық өмірлері мен азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, өз бетінше шешім қабылдай алатын және интеллектуальдық, рухани адамгершілік жағынан жетілгендігін байқатып, мектептерінің намысын қоғауы қажет.
«Астана дарыны» орталығы жобаның іс-шаралар жоспарын жасап, байқаудың негізгі кезеңдеріне жауапты адамдарды белгіледі. І кезең – тест тапсыру және эссе (№ 3 ГМ). Байқаудың ІІ кезеңі Оқушылар сарайында өтеді.
І кезең (іріктеу) 2012 жылдың 20 қазанында сағат 10.00-де № 3 мектеп-гимназиясында өтті. Оқушылар тест тапсырды. Бұл - Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен, географиясы мен биологиясынан 100 сұрақ, сондай-ақ, жалпы ой-өрісті анықтау сауалдары. Сонымен қатар әр қатысушы:
«Адамда Отан жалғыз»
«Көшбасшы –бұл...»
«Патриот деген кім?» деген тақырыптың біріне эссе жазуы қажет.
Барлығы 48 мектеп қатысты. Сараптау комиссиясы тест бойынша жоғары балл жинаған және өз жұмыстарында (эссе) дүниетанымдарын, мәдени, психологиялық ұстанымдарын таныта білген 20 оқушыны анықтады.
Келесі кезең – қатысушыларды финалдық кезеңге дайындау. Ол қараша айының екінші онкүндігінде өтуі керек.
Байқаудың финалдық кезеңі Тұңғыш Президент Күніне арналған сұрақтар енгізіліп, келесі:
-1 бөлім «Бәйге» (жалпы ой-өріс сұрақтары) -20 минут
-2 бөлім «Тарихтағы ұлы тұлғалар» -30 минут
-3 бөлім «Блиц-турнир» Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны бойынша -20 минут
-4 бөлім «Шешен» берілген тақырыпқа қошемет сөз – 40 минут (әр қатысушыға 2 минут беріледі) бөлімдерден тұрады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер