BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан халқының 7 пайызы ай сайын кинотеатрға барады

Астана. 7 желтоқсан. BAQ.KZ. Елімізде прокаттық киноға деген қажеттілік өте жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның вице-министрі Асқар Бөрібаев мәлім етті. 

Вице-министр «Қазақфильм» АҚ қазіргі заманғы технологиямен жабдықталғанын айта келе, онда көркем, деректі және анимациялық фильмдердің өндірісі жолға қойылғанын жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, биыл отандық 7 картина прокатқа шықты. Жыл соңына дейін «Қазақфильмнің» «Аңыздар кітабы: сырлы орман» және «Ер Төстік және Айдаһар» атты тағы 2 туындысын шығару жоспарланып отыр.

«Елімізде прокаттық киноға деген қажеттілік өте жоғары. Электрондық жүйенің мәліметі бойынша кинобилеттердің сатылым деңгейі бір айда 1 миллионнан асып отыр. Яғни, барша Қазақстан халқының 7 пайыз көрермені ай сайын киноға барады»,-деді А. Бөрібаев.

Бұдан бөлек ол отандық кино бүгінде сенімді түрді әлемдік нарыққа шығып отырғандығы тілге тиек етті. Тек соңғы 4 жылдың ішінде «Қазақфильмнің» 99 картинасы 150 кинофестивальдер мен әлемнің 48 еліндегі халықаралық көрсетілімдер қатысушысы болды.

Атап айтқанда, биыл 65-ші Канн кинофестивалінде «Студент» және «Жаужүрек мың бала» картиналары ұсынылып, әлемдік прокат үшін бұл туындыларды халықаралық дистрибьюторлар алған.
ҚазАқпарат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер