BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды. Конкурстық жұмыстар 07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығында қабылданады және сценарийлерді еліміздің танымал кинематографистері іріктейді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:

– Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;

– Ұсынымдарды қабылдау мерзімі – 07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;


– Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған) қабылданады.


– Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;

– Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:

• Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);

• Аннотация (500 белгіге дейін);

• Синопсис (3000-4000 беліге дейін);

Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде debut@kazakhfilmstudios.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.

Телефон: + 7 727 313 11 35


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер