«Қазақфильм» ең көп сұранысқа ие киножұлдыздардың рейтингін жариялады - Өнер|15 Тамыз 2012, 17:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақфильм» ең көп сұранысқа ие киножұлдыздардың рейтингін жариялады

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ - Астана. 15 тамыз. BAQ.KZ - «Қазақфильм» соңғы екі жыл ішінде ең көп сұранысқа ие киножұлдыздардың рейтингін жариялады. Бұл тізімге 2011 және 2012 жылдары түсірілген фильмдер мен телесериалдарда басты рөлді сомдаған  киноактрисалар мен киноактерлер енді.

Бұл рейтинг бойынша белгілі актриса Әлия Телебарысова көш бастады. Ол 2012 жылы түсірілген «Жаужүрек мың бала» және «Жас Ұлан» фильмдерінде басты рөлді сомдаған, Қазақстан мен Ресей киномамандары бірігіп түсірген «Балкон» фильмінде де басты қаһарманның рөлінде түскен. Сондай-ақ, «Сыныптастар» атты жаңа телесериал мен 2011 жылы түсірілген «Ағайынды-2» сериалына түсті.

Ең көп сұранысқа ие киножұлдыздардың күміс жүлдесі Қарлығаш Мұхамеджановаға бұйырды. Ол 2011 жылы Егор Кончаловскийдің  « А»-ға қайтып оралу» фильмінде және «Ликвидатор», «Семь майских дней» фильмінде басты рөлдерді сомдады. 2012 жылы «Жан-жүрегім -Астана» атты киноальманахта, сонымен қатар «Весь мир у наших ног» атты фильмге түсті.

Алғашқы үштікке танымал актриса Бибігүл Сүйіншалина ілінді. Бибігүл 2012 жылы «Жан-жүрегім -Астана» атты киноальманахта, «Виртуалды махаббат» атты фильмде басты рөлді сомдаған. Сондай-ақ, Ресейде түсірілген «Пираньи» және «Земский доктор» атты телесериалдарға түскен.

Төртінші орынға белгілі актриса Гүлнар Досматова ілікті. Екі жыл бес бірдей ірі фильмге түсіп үлгергенімен, ешбірінде басты рөлді сомдамаған. Мәселен, 2011 жылы «А»-ға қайтып оралу» фильмінде және «Ликвидатор» фильмдерінде, 2012 жылы «Жан-жүрегім -Астана» атты киноальманахта және «Ағайынды-2» телесериалдарында ойнайды. Сондай-ақ, «Книга Легенд. Таинственный лес» атты фильмде көзге түседі.

Ал, қазақ киносындағы сұлулардың бірі Әсель Сағатова «Подружки» атты телесериалда басты рөлге түсіп, «Студент» и «Охота за призраком» атты фильмдерде шеберлігін көрсетті.

Ал, қазақ киносындағы ерлердің көшін әдеттегідей Берік Айтжанов бастап тұр. Берік 2011жылы «А»-ға қайтып оралу» және «Ликвидатор» фильмерінде, сондай-ақ, «Ағайынды-2» телесериалына түсті. 2012 «Жаужүрек мың балада»  Әбілхайыр ханның рөлін сомдайды. Қазір «Балкон» және «Книга» атты фильмдерге атсалысып жатыр.

Күміс жүлде «Супер Баха» фильміндегі Төлепберген Байсақаловтың еншісінде. 2011 жылы ол сонымен қатар "Снайпер-2. Тунгус» және Солнеяных днях" фильмдерінде көрермен назарына ілікті. 2012 жылы «Алматыда пәктіктен айрылу» атты фильмде басты рөлге түсті.

Қола жүлде Санжар Мәдиевке бұйырды. Жас актер екі жыл ішінде жеті мәрте режиссерлердің таңдауына іліккен.

Ал, төртінші орынға табан тіреген Азамат Әшімовтің нәтижесі Санжар Мәдиевпен тең болғанмен, басты рөлдерді сомдау жағынан қалыс қалады.

Ерлер арасынан үздік бестікке қазақ киносындағы алып Дәулет Әбдіғапаров енді. Оның да екі жыл ішіндегі жетістігі жеті кейіпкер рөлін сомдауы.

 

 
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер