BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ ұлттық өнер университеті түлектерінің саны 5  мыңнан асқан 

Бүгінде Қазақ ұлттық өнер университеті ұшырған дарынды түлектер саны 5 мыңнан асты. Бұл жөнінде Қазақ ұлттық өнер унивеститетінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт аясындағы брифинг барысында оқу орнының ректоры Айман Мұсақоджаева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі мерекелік концертте өнер университетінің 20 жылда қол жеткізген жетістігінің жемісін тамашалайтын боламыз. Осы жиырма жылдың ішінде өте ауқымды жұмыстар атқарылды. Елбасы жаңа елордамызда өнер академиясы құру идеясын қолдаған болатын. Бүгінгі күні университет түлектерінің саны 5 мыңнан асады», - деді ректор.

Сонымен қатар, Мұсақоджаева өнер университетін тәмамдағандар қатарында халықаралық конкурстардың лауреаттары да жетерлік екенін айтып, соның ішінде, Димаш Құдайбергенов, Сүндет Байғожин, Салтанат Ахметова секілді бірқатар азаматтарды атап өтті.

«Біз көптеген халықаралық бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жалғастырғымыз келеді. Жақында ғана Корея еліне барып қайттық. Пусан халықаралық фестивалінде біздің кинорежжиссер Ерлан Нұрмұхамбетов гран-при жеңіп алды. Жақында алғаш рет қазақ-жапон фильмін түсіретін боламыз. Ол біздің ақсақалдардың балалармен қарым-қатынасы, тәрбесі жайында болмақ. Қазір қазақстандық кинематографтың осымен екінші рет Астанада өткелі жатқан мерейтойлық халықаралық фестивальге дайындығы бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деген Айман Мұсақоджаева кинфестивальге Голливудтың танымал жұлдыздары шақырылатынын айтты.

Өнер университетінің басшысы атап өткендей, ЖОО түлегі Димаш Құдайбергенов бүгінгі мерейтойлық концертке қатыспайды.


«Біз Димаш Құдайбергеновты де мерейтойлық концертке шақырған болатынбыз. Өкінішке қарай, Димаш бұгінгі концертке қатыса алмайтын болды. Себебі, 19 мамыр күні 20 мың адамға арналған стадионда жағңа юағдарламасымен ән кешін өткізеді. Ол америкалық әнші Рианнаның композиторы арнайы жазған әндерді орындайтын болады», - деген ол қытайлық тарап Димаш Құдайбергеновтың концертінде құбылмалы LED-экрандарды қолданатынын айтты.

Айта кетейік, брифнгтен кейін «Қазақстан» ОКЗ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер