BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ әншісі қалай «моңғол» болып кетті?

Кеше әлеуметтік желі қолданушысы Серік Керейдің жариялаған «Ақан серінің әнін шырқаған моңғол жігіті» қазақ болып шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы редакциямызға Өміржан Әбдіхалық есімді жазушы хабарласып, оның Семейден шыққан дәстүрлі әнші екенін айтты.

«Торыны таң асырып мінген қандайды» әнін шырқаған жігіт - Қайрат Қабышев, ШҚО, Абай ауданындағы «Қаламқас» ән-би ансамблінде жұмыс істейді. Дәстүрлі әнші, Жәнібек Кәрменовтің шәкірті», - дейді Өміржан.

Ал Серік Керейге хабарласып, бұл видео оған қайдан келгенін сұрағанымызда, ол жұртты керемет даусымен тамсантып қана қоймай, әншінің ұлтына қатысты біраз шуға қалған видеоны Іле аймағының Моңғолкүре өлкесінде тұратын бір танысы жібергенін айтады.

Қайрат Қабышевтің орындауында Балуан Шолақтың әні «Майдақоңыр»


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер