BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ тіліндегі сайттардың қарқыны күшейді

АСТАНА. 5 желтоқсан. BAQ.KZ - Қазақ тіліндегі сайттар орыс тілінде немесе екі тілде (қазақ, орыс) ақпарат таратушы ресурстардан қалысар емес. Бұл Қазақ.kz блог жүйесінің мәліметі. Онда Қазақстандық интернет-ресурстардың рейтингін анықтайтын есептегіш жүйе - CountZero.kz-те тіркелген 3973 сайттың алғашқы жүздігіндегі қазақтілді сайттарға шолу жасалыпты.


Шолу жасаушы алғашқы жүздіктегі 13 сайттың атын атап, түсін түстей келе, "қазір алғашқы жүздікке кірген бұл қазақы сайттардың соңынан ілесетін мемлекеттік тілдегі ресурстар жақында тағы да көбеюі мүмкін. Осы бір жақсы тенденция жалғасады деген үміттеміз" деп тұжырымдайды сөзін.
 

21-орында Сұрақ және Жауап сайтының жалпы хост көрсеткіші 15796 (шетелдік оқырмандарды қосқанда 16983). Біраз уақыттан бері алғашқы елулікте жүрген бұл сайт үшін бұл орын жақсы секіріс болып есептеледі.
27-орындағы Ұстаздар сайтының хост көрсеткіші соңғы уақытта 2 есе өсті деуге болады. Сайт көрсеткіші — 12574 (13079).
Білім саласына арналған тағы бір интернет-ресурс Білімділер сайты 34-орында орналасып, 10488 (10721) хост көрсеткішіне ие болып отыр.
Қазақша рефераттар 37-орында 9942 (10610). Ары қарай көз жүгіртсек, мынандай нәтижелерді көреміз:
 

42-орын. BAQ.KZ — 8694 (9881).
46-орын. Massaget.kz — 7770 (8467).
51-орын. «Егемен Қазақстан» газетінің сайты — 7282 (7957).
56-орын. Абай.KZ порталы — 6378 (7063).
61-орын. Информатик ұстаздар сайты — 6203 (6440).
66-орын. Бiлiмдiлер порталы — 5747 (5939).
67-орын. Қазақша құттықтау тілектер сайты — 5682 (6093).
76-орын. Ұлт порталы — 4669 (5471).
98-орын. КерекИнфо сайты — 3584 (4040).
Тағы бір баса айтатынымыз осы жүздіктегі атышулы танымал Номад 33-орында, ZonaKZ 40-орында, [VOX]POPULI.kz 94-орында екендігін ескергеніміз дұрыс.
P.S. Айта кету керек, BAQ.KZ ақпараттық порталы қазіргі таңда CountZero жүйесінде ақпараттық ресурстардың деңгейін анықтайтын "Жаңалықтар және БАҚ" категориясы бойынша жалпы есепте 13-ші орында. Ал, қазақ тіліндегі сайттар арасында 1-ші орында.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер