Қазақ тілді журналистер арасында ІІІ шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады - Өнер|31 Тамыз 2012, 17:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ тілді журналистер арасында ІІІ шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады

АСТАНА. 31 тамыз. BAQ.KZ - ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге ІІІ шығармашылық «Алтын қалам» байқауының жалғасытынын хабарлайды. Енді байқауға баспасөз журналистерімен қатар, теледидар және Интернет басылымдарының тілшілері де қатыса алады. Байқау 2012 жыл бойы өткізіледі. Қорытындысы Тәуелсіздік күні мерекесіне қарсаңында шығарылады.

Байқауға жолданған материалдар өндірістік және экономикалық тақырыпқа болуы қажет.
Материалдар республикалық, өңірлік, ведомстволық қазақ тілді басылымдарда, Интернет басылымдарында немесе телеарналарда 2012 жылы жарық көрген болуы керек. Жолданған материалдарда басылымның немесе телеарнаның атауы, материалдың мерзімі мен авторы көрсетілуі тиіс.
Кемінде үш мақала (түпнұсқа) немесе үш телесюжет (CD/DVD дискіде барлық кең таралған видео форматтарда) қабылданады;
Материалдар 2012 жылдың 30-қарашасына дейін қабылданады;
Материалдардың көлемі шектелмейді.
Конкурс жеңімпаздары үшін 2 миллион теңге мөлшерінде жүлде қоры белгіленген.
Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекенжайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме.
Қосымша ақпарат алу үшін: тел: +7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, электронды пошта: yerzat.tursunkulov@kz.enrc.com


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер