BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ сахнасы патшайымынан айырылды

Дүйсенбі күні белгілі өнер қайраткері, КСРО халық артисі, өнертану ғылымының докторы Хадиша Бөкеева 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
 Ақ Жайықтан шыққан ару апамызды жас күнінде тағдыр аямапты. 9 жасында тұл жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Өзінің өнерпаздығы, алғырлығы мен шапшаңдығының арқасында театр майталмандарының көзіне түсіп, 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының қазақ студиясын бітіріп шығады. Еңбек жолын Шымкент облыстық қазақ драма театрында бастаған ол, 1942 жылдан Алматыдағы қазақ драма театрында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен. Осы уақыт аралығында ел есінде қалар небір рольдерді тамаша сомдап шыққаны белгілі. Басқасын айтпағанда, «Қобыландыдағы» Қарлыға мен Шекспирдің Катаринасын айтсақ та жеткілікті болар. 1957 жылы Қазақстанның халық артисі, 1964 жылы КСРО халық артисі атанған актриса ұстаздық қызметпен де айналысып, 1974 жылы профессор атағына ие болған. «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Марқұммен қоштасу бүгін сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы академиялық театрда өтеді. http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6029&Itemid=2

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер