BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ қызына үйленгелі жатқан кіші Пресняков қазақша үйренуде

АСТАНА. Шілденің 26-сы. BNews.kz - Қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықпақ. Ол - «Охота за призраком» деп аталатын экшн жанрындағы картина. Түсірілім жұмыстары ақпанда басталған туынды алдағы бірер айда толық аяқталып қалмақ. Фильмде отандық актерлермен бірге келінді қазақтан аламын деп жүрген Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков және әйгілі Голливуд жұлдыздары Кристанна Локен мен Арманд Ассанте ойнайды, деп хабарлайды КТК.

Фильм желісі Тимур есімді қазақ полицейінің әлемге әйгілі хакердің соңына түсуінен басталады. Кейін аңғал жігіт аңдамай жүріп, қылмыс әлемінің «қуыршағы» болғанын түсінеді. Бірақ өте кеш. Себебі «елес қуамын» деп жүріп, сүйікті қызынан, жұмысынан, достарынан біржолата айырылып тынады. Ашынған жігіттің ендігі мақсаты – кінәлілерден кек алу. Экшн жанры болғандықтан мұнда ұр да жық көріністер жетерлік. Тек трюктердің 90 пайызы актерлердің өз орындауында болмақ. Қазақ киносындағы мұндай таңсық дүниеге машықтану үшін басты рөлдердің бірін сомдайтын жас актер Санжар Мәдиев арнайы Америкаға барып, тәжірибе алмасып келуіне тура келгендігін айтады.

«Біз нағыз экшн жанрындағы туындыны шығару үшін кино өндірісіндегі ең озық деген студиялармен жұмыс істеп, біраз білім алып қайттым. Және түсірілім барысында көмегі өте көп тиді», - дейді жас актер Санжар Мәдиев.

Санжардан өзге фильмде оның сүйіктісінің рөлін сомдап Әсел Сағатова, әйгілі терминатор қыздың бейнесімен танымал голливудтық Кристанна Локен, соңғы уақытта Қазақстанды айналшықтап шықпай жүрген Арманд Ассанте және Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков ойнайды. Қазақ қызымен көңіл қосып жүрген кіші Пресняков ақырындап қазақша да үйреніп қалыпты.

- Мен сені сүйемін, қалыңыз қалай? – Кім үйретті? –Сүйген қызым. – Аты кім? - Аида! – деген қазақшасымен бөлісті жас әртіс Никита Пресняков.

Ал қаржы жағына келер болсақ, барлық шығын «Қазақфильмнің» еншісінде. Дегенмен продюссердің айтуынша, қаламақысы көп болмаса да шетелдік актерлер қазақстандық шақыртуды бірден қабыл алған.

«Бюджет көлемін қазір айтуға келмейтін шығар. Өйткені көптеген нәрселер әлі түсірілген жоқ. Бірақ шамамен 1 миллион доллардан жоғары», - деді «Охота за призраком» фильмінің продюсері Ернар Мәліков.

Әзірге фильмнің тек жартысы дайын. Және прокат желісі халықаралық деңгейде қамтылуы үшін алдағы түсірілімдерге Майкл Мендсон, Марк Дакаскос сынды тағы екі Голливуд жұлдыздары шақырылмақ. Фильм үлкен экранға алдағы көктемде шығатын болады.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/55364/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер