BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қастеевтің қызы әкесінің туындыларын жазбай таниды

Астана. 17-қазан. BAQ.KZ. Әйгілі қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің қызы Гүлдария әкесінің сирек туындылары ретінде Қастеев атындағы өнер мұражайына қойылған 46 картинаны жоққа шығарды.  

Мұражай қызметкерлері бұл картиналарға күмән келтіріп, Гүлдарияға хабарласуға мәжбүр болған. Нәтижесінде, Гүлдария Қастеева барлық картиналарға ден қойып, олардың барлығы жәй ғана көшірме екендігін айтты.
"Мен барлығын қарап шықтым. Бірде-біреуі әкемнің туындысы емес. Өйткені, мен әкемнің салған картиналарын жазбай танимын" дейді Гүлдария.
Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Гүлдария Қастеева өткен жылы да мұражайға қойылған 10 картинаның көшірме екендігін анықтап берген болатын.
"Олардың ішінде әкемнің қолы қойылған картиналар да кездесті. Бірақ, қолын қойғанмен, ол туындылардың әкемнің шығармашылығымен қатысы жоқ. Мен бұл картиналарды көрмеден алып тастауды сұраймын. Себебі, ол қазақ қылқалам шеберлерінің барлығының дерлік полотноларын жинастырды. Бірақ, оның барлығы мұра ретінде менде қалды" деп отыр.
Енді Гүлдария құқық қорғау органдарына хабарласып, мұндай жағдайдың не үшін орын алып жатқандығын анықтамақ.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер