BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» қазақтың тұңғыш мультфильміне - 45 жыл

АСТАНА. 30 қазан. BAQ.kz Ертең, 31 қазан күні Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тұңғыш қазақстандық мультипликациялық фильмнің 45 жылдығына арналған кездесу өтеді. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат 

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» картинасының режиссері қазақ анимациясының негізін салушы - Әмен Қайдаров. Мультфильм 1967 жылы Қайдаровтың халық ертегісі негізінде салған суреті бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жасалды.
Осы мультипликациондық фильм 1968 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, 1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалінде жүлделер алды. Туынды 48 елдің экранында көрсетілді.
Сондай-ақ, Қайдаров "Құйыршық" (1969), "Жанар" (1972), "Күн сәулесінен пайда болған көжек" (1975) атты мультфильмдерді жасап шығарды. 1980 жылы Қайдаровқа "Ақсақ құлан" (1968), "Қожанасыр - құрылысшы" (1970), "Қырық өтірік" (1978) сияқты мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер