BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Карла Нұр: Мен үшін бұл суреттердің құны ерекше

Фото: Жандос Кокумбаев

Елордадағы «Астана» Ұлттық сурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Карла Нұрдың «Шағылыс» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Өнер сүйер қауым мен БАҚ өкілдері үшін фотограф ретінде танымал суретшінің осы саладағы жолы 1998 жылы басталған.

«Бұл менің суретші ретіндегі алғашқы көрмем. Бұйырса алдағы уақытта Алматыда да өткізсем бе деген ойым бар. Сол жақтағы өнер сүйер қауым да өтініш жасап отыр. Мен үшін бұл суреттерім өте құнды. Өмірімнің бір бөлшегі десем болады» - дейді суретші.

Карла Нұр Voxpopuli.kz агенттігінде фототілші қызметі кезінде БАҚ-пен жұмыс жасауға дағдыланып, өзін талантты шебер ретінде көрсете білді. Қазақстанға World Press Photo Master classes 2009 жылғы номинантын іздеуге келген француздың Reza атты әскери фототілшісімен кездесу Карла Нұрдың тағдырын өзгертті. Сол кісінің ақылымен ол репортажды фотосуретпен айналыса бастады.

Карла Қазақстандағы әлеуметтік фотожурналистиканың жаңа жанрын ашуға үлес қосқан заманауи фотографтардың бірі. Voxpopuli.kz агенттігіндегі қызметі барысында Карла Нұр еліміздің шалғай аймақтарынан 143 репортаж түсіріп, оның басты кейіпкерлері қарапайым азаматтар болды.

«Астана Опера» театрында штаттағы фотограф қызметін атқаратын Карла Нұр үшін графика өнері әуестік қана. Дегенмен бұл салада да фотографтың біраз жетістікке жеткенін байқауға болады. Ол Карла Нұрдың шығармашылық жұмысына үлкен септігін тигізіп келеді. Суретшінің Архитектуралық Колледждағы оқуы тек жаңа идеяларға толы шығармашылық жолының бастамасы болды.

«Шағылыс» көрмесіне дәстүрлі емес әдіспен салынған графикалық жұмыстардың түпнұсқалық сериясы қойылды. 12-ші қыркүйекке дейін жалғасатын көрмені өткізуге «Астана» ұлттық сурет галериясы қолдау жасап отыр. Карла алдағы уақытта сызған суреттерінен бөлек, өзі түсірген фотосуреттерден де көрме ұйымдастырғысы келетінін жасырмады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер