BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды облысынан сақ ханшайымы табылды (БЕЙНЕ)

ҚАРАҒАНДЫ. 9 қазан. BAQ.KZ - Қарағанды олысының Қарқаралы ауданынан археологтардың құнды қазына тапқанын хабарлап отыр 7 арна. Атап айтқанда аудан аумағындағы Ақбейіт қорымынан сақ ханшайымының бұйымдарын кездестірген.

- Бұл заттардың сақ патшалығымен тығыз байланысы бар екені баршаға белгілі. Осыған қарағанда бұл қорымдарда сол сақтар билеушісінің отбасынан шыққан қыз жерленген. Оның ханшайым екені сөзсіз, - дейді Ә.Марғұлан атындағы Археология институты директорының орынбасары Арман Бейсенов.

Зергерлік бұйымдармен қатар ол қорымнан қыздардың сәндік бұйымдарына ұқсас заттар да табылған көрінеді.

Ғалымдар қазба жұмыстары «Орталық Қазақстандағы сақ мәдениеті» бағдарламасының аясында жүргізіліп жатқанын айтады. Осы бағдарлама бойынша Қарқаралы ауданындағы 70-ке жуық қорым мемлекет қорғауына алынған.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер