Қаныш Сәтбаевтың ер-тоқымы табылды - Өнер|27 Тамыз 2012, 10:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қаныш Сәтбаевтың ер-тоқымы табылды

ПАВЛОДАР. 27 тамыз. BAQ.KZ - Павлодар қаласының тұрғынының әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтің ер-тоқымын тауып алып, облыс мұражайына өткізгендігі туралы tengrinews.kz тілшілері ақжолтай хабар таратып отыр. Ғалымның ер-тоқымын тапқан Павлодар облысы, Теңдік ауылының тұрғыны Тастемір Шашенов ойланбастан құнды дүниені Баянауыл ауданында орналасқан Сәтбаев атындағы мұражайға тапсыруды жөн санаған.

«Бұл - өте ертеректе жасалған ат әбзелі. Ер-тоқым осыдан екі ғасыр бұрын кәдуілгі қайыңнан жасалған деген болжам жасап отырмыз.  Оюлары күміспен бедерленіп, үсті киізбен қапталған», - дейді Сәтбаев атындағы мемориалды мұражайдың директоры Үміт Сағымбекова.
«Ер-тоқымды мұражайға табыстаған Тастемір ағаның айтуынша, оның қарындасы Қаныш Сәтбаевтың  туысына тұрмысқа шыққан көрінеді. Ер-тоқым ұзақ уақыттан бері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.  Ақырында Тастемір ағамыздың қолына тиген. Демек, бұл ер-тоқымды акдемик Қ.Сәтбаев қана емес, оның әкесі Имантай да пайдаланған деуге болады. Осы уақытқа дейін академиктің балалық шағынан қалған бірде-бір д.ние болмаған еді. Егер ер-тоқым академикке тиесілі болған жағдайда, бұл біз үшін үлкен сый болмақ», - дейді мұражай директоры.
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы мемориалды мұражай 1967 жылы ашылған екен. Міне, содан бері академиктің 3190 құнды дүниесі көрмеге қойылған. Олардың қатарында академик Қ.Сәтбаевтың фотосуреттері, құжаттары мен ғылыми жұмыстары және жеке пайдаланған заттары бар.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер