BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеуде «Отелло» трагедиясы қазақ тілінде сахналанады

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеу қаласында өтетін XVI Халықаралық «Золотой витязь» театрлар форумына қатысады.

Форум аясында театр әртістері У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясын сахналайтын болады, деп мәлімдеді елорданың мәдениет және спорт басқармасы.

«XVI Халықаралық «Золотой витязь» театр форумына Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия сияқты мемлекеттердің театр ұжымдары қатысады. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 2 желтоқсанда А.Джигарханян театрының сахнасында «Театр – үлкен форма» аталымында өнер көрсетеді», - делінген хабарламада.

У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясы қойылымының режиссері – Қазақстанның Халық әртісі, профессор Талғат Теменов. Басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, жас актриса Ақмарал Танабаева сомдайды. Жағымсыз кейіпкер Ягоны ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов ойнайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер