BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қадыр ақын атындағы шәкіртақы тағайындалды

Махамбет, Қасым, Мұқағали, Тұманбай, Қадыр десек, ешкім де «ақын деген көп қой бізде, пәлі!» дей алмады. Себебі әрқай­сысы өз алдына шоқтығы биік шың болғандықтан, ақын­дар ешқашан көптік етпейді. Бір ақын – бір әлем өйткені. Ал Қадыр – ақындардың ішіндегі әр сөзі қанатты сөзге айналған ақын.  «Қазақ осы құда бол деп қинайтын, құдаларын Құдайын­дай сыйлайтын» деп бастап, әлі күнге қазақтың бесік тойы да, үйлену тойы, барлығы ақын өлеңінсіз өтпейді.


Дариға-ай, сөйткен Қадыр ақынның да арамыздан кеткеніне жыл айналып, тағы да жылға жалғасып үлгеріпті-ау. Бір еске алу кешін ұйымдастырған соң тым-тырыс қалып, ешкім сондай бір ақыны барын ауыз­ға алмай кетендей болып еді, таяуда Қадыр Мырза Әлінің туған өлкесі Ақ Жа­йы­­ғынан жақсы бір ақпар жетті. Жақында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыс­­тық қазақ драма театрында Қадыр Мырза Әлі қорының ақынды еске алуға арналған кеш және 18 томдық шығарма­сының тұсаукесері болып өткен. Қор мүше­лері түгел және ақынның зайыбы Салтанат Мырза Әлі келіп, елмен ақын жайлы сыр бөлісті, сұхбаттасқан осы кеште М.Өтемі­с­ұлы атындағы университеттің екі студен­тіне Қадырдай ақын аталарының атындағы айына 20 мың теңге шәкіртақы тағайын­далғаны ресми мәлім етілді. Қор директоры Донеділ Қажымов алдағы уақытта мұндай шаралар тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес,  қазақтың қара өлеңі мен Қа­дыр­дай ақынының қадірін білетін барлық өңірлерде жалғасын табатынын айтса, ең бір қуанышты жайды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ортаға салған. Яғни таяу болашақта Орал қаласының ең көрікті жерлерінің бірінде Қадыр Мырза Әлі атындағы ескерт­кіштің, жалпы, ақын атындағы еңселі мә­де­ни орталықтың бой көтеретіндігін айтып, ел-жұртты серпілтіп тастады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер