BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Junior Eurovision: Данэлияға дауыс берейік

Фото: Ашық дереккөз

Астана, BAQ.KZ. Junior Eurovision–2018 байқауының қатысушыларына дауыс беру басталды.

Бүгін Астана уақытымен түнгі 01:00-ден бастап ән байқауының ресми сайты – junioreurovision.tv-ға кіріп, жас әншілердің өнерін бағалап, дауыс беру басталды. Жеңімпаз қазылар алқасы мен көрермендер дауысының ортақ шешімі бойынша анықталады.

25 қараша күні сағат 21.00-де «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде 20 мемлекеттің қатысушылары додаға түсетін байқауды көрсетеді. Байқауға еліміз атынан Данэлия Тулешова қатысады. Ол елімізде өткен ұлттық іріктеу байқауында көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 10 қатысушының ішінен топ жарды.

Бұған дейін Данэлия Тулешованың Junior Eurovision байқауына дайындығы қандай екенін жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер