Имамдар Құранды жатқа оқудан жарысады - Өнер|23 Шілде 2012, 17:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Имамдар Құранды жатқа оқудан жарысады

АСТАНА. 23 шілде. BAQ.KZ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық аудан, қала, ауыл, кент мешіттерінің имам, найб имам және азаншылары арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасынан, яғни Нас пен Нәба сүрелерін жатқа оқудан Құран жарысы ұйымдастырылуда, деп хабарлады muftyat.kz сайты.

Жарыс ауыл мешіттерінің имамдарының Құрани ілімдерін жетілдіру мақсатын тұтып отыр.

Жарыс шілде айының 25-нен тамыз айының 11-і аралығында өткізіледі. Онда жоғары нәтижеге ие болған екі имамға 14 тамыз күні облыстық А.Қаттани атындағы мешітте өтетін Құран жарысына жолдама беріледі.       

ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің мәлімдеуінше, бұл жарыс тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да  жоғары көрсеткішке ие болған дін мамандарын облыстық А.Қаттани мешіті тарапынан қомақты сый-сияпат күтіп тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер