Хиросима аспанында қазақ әні қалықтады - Өнер|02 Тамыз 2012, 10:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Хиросима аспанында қазақ әні қалықтады

Біздің еліміз бен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың жиырма жыл­дығына орай ҚР Жапониядағы Елшілігі «Хиросима-Семей проджэкт» үкіметтік емес ұйымының қолдауымен Хиросима қаласында ҚР халық әртісі Роза Рымбаеваның қайырымдылық концерттерін ұйымдастырды. 

Қазақ қызының ғажайып дауысы жапондық тыңдармандарды толғандырды. Әсіресе, әнші ядролық қаруға қарсы қозғалыстың әнұранына айналған «Заманайды» ағылшын және жапон тілдерінде шырқағанда, жиналған қауым дүркірете қол соғып, қошемет көрсетті.
Жапондық саясаткерлер ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семей полигонын жабуға қатысты қабылданған тарихи шешiмiнiң маңыздылығын, ядролық қарудан өз еркiмен бас тартқан Қазақстанның ғаламдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қосып отырған зор үлесін атап көрсетті.
Нақ осы күндері Хиросима қаласында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне және Қазақстанның ғалам­дық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қосып келе жатқан үлесiне арналған арнайы фо­токөрме өз жұмысын бастады. Елшілік ұйымдастырып отырған бұл шара 29 тамыз – 7 қыркүйек аралығында Нагасаки қаласында жалғасатын болады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер