BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Астана. 11-қазан. BAQ.KZ. Химия саласы бойынша биылғы 2012 жылдың Нобель сыйлығы тірі жасушалар рецепторының жұмысын зерттеген американдық Роберт Лефковиц және Брайан Кобылка атты ғалымдарға бұйырған.
 

Марапаттау рәсімі дәстүр бойынша, швед өнертапқышы және кәсіпкері Альфред Нобельдің (1833-1896) дүние салған күні, яғни 10 желтоқсанда Стокгольм қаласында өтеді. Сыйлық Лефковиц пен Кобилкаға тірі жасушадағы рецепторларды басқару механизмін, яғни серпентин молекулаларының жұмысын (G-ақуызымен қатар жүріп, тірі жасуша ішінде әртүрлі сигналдарды тасушы рецепторлар) ашқаны үшін беріліп отыр.

Айта кетейік, Лефковиц 1943 жылы Нью-Йоркте туылып, қазіргі кезде Солтүстік Каролина штатындағы Дарем қаласындағы Дьюк университетінің Медицина орталығында қызмет жасайды. Ал оның әріптесі Кобылка болса, 1955 жылы Миннесота штаты Литтл-Фоллс қаласында туылған. Қазір Стэнфорд университетінің жанындағы медицина мектебінде еңбек етеді.

 massaget.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер