BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Грэмми» сыйлығының иегерлері анықталды

Фото: I Am Entertainment

Америкалық әнші Бруно Марс негізгі аталымдар бойынша «Греммидің» үш статуэткасын алды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте Grammy Awards музыкалық премиясының 60-шы салтанатты табыстау рәсімі өтті. Әнші Бруно Марс That's What I Like композициясы үшін «Жылдың үздік әні», 24K Magic альбомы үшін «Жылдың үздік жазбасы» және «Жылдың үздік альбомы» аталымдарын жеңіп алды.

Бруно Марс. Фото: REUTERS

Кендрик Ламар Loyalty шығармасымен «Ең үздік рэп-орындаушы» атағына ие болды. Ал, оның Humble деп аталатын әні үздік рэп-композиция, Damn альбомы «Рэп стиліндегі үздік альбом» аталымын жеңді.

Кендрик Ламар. Фото: REUTERS

«Поп стиліндегі ең үздік вокалды альбом» аталымын британиялық Эд Ширанның Divide альбомы алды. Әнші «Поп стиліндегі үздік соло-орындаушы» категориясында да сыйлыққа ие болды.

Алессия Кара. Фото: REUTERS

Жылдың жаңа үздік орындаушысы канадалық Кара Алессия атанды.

Ең үздік саундтрек «Ла-Ла Ленд» фильмнің желісі болды. Пианинода ойнайтын ресейлік Даниил Трифонов «Үздік соло аспапшы» аталымында жеңіске жетті.

«Звездные войны» фильмінің актрисасы Кэрри Фишер «Ең көп оқылған альбом» үшін Грэмми статуэткасын алды. Еске сала кетейік, калифорниялық актриса 2016 жылдың 27 желтоқсанында қайтыс болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер