BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Француз полициясы әнші Маржан Арапбаеваны жол ақысын төлемегені үшін ұстады

Танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаеваны Париж полицейлері қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендігі үшін сәл болмағанда қамауға ала жаздады.

1tv.kz тілшісінің хабарлауынша, Парижге сапары барысында әнші өзінің жұлдызды достарымен жергілікті травмваймен жүрмекші болған. Орындаушылар экскурсиялық көлік құралында жүру ақылы екендігін білмепті. Париждің сұлулығына тамсанған олардың көтеріңкі көңіл күйін бақылаушы түсіріп жіберген. Ол әнші мен оның әріптестеріне полиция учаскесіне бірге жүруді өтініпті. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының босату туралы өтініші қатал тәртіп сақшысын жібіте алмапты. Полиция учаскесінде Маржан Арапбаева мен оның достарына ірі көлемде айыппұл салынған. Дегенмен қазақстандық орындаушылар алғырлық танытып, құқық қоғау органдарының қызметкерлеріне қазақ тілінде ән орындап беріпті. Француз полицейлері мұндай жағдайдан кейін туристерді босатқан көрінеді.

Маржан Арапбаева Парижде болған оқиғаны күлкімен еске алады. Ол өмірде азғантай ақымақтықтың болуын теріс көрмейді. Қазір әнші осы жылдың күзінде экранға шығатын «Тек қана алға» деп аталатын жаңа бейнебаянының түсіріліміне дайындалуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер