BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Eurovision-2018 финалистері анықталды

Португалияның Лиссабон қаласында «Eurovision-2018» 63-ші халықаралық ән байқауының жартылай финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Екінші жартылай финалда 18 елдің: Норвегия, Румыния, Сербия, Сан-Марино, Дания, Ресей, Молдова, Нидерланды, Австралия, Грузия, Польша, Мальта, Мажарстан, Латвия, Швеция, Черногория, Словения мен Украина әншілері өнер көрсетті. Нәтижесінде финалға Норвегия, Сербия, Дания, Молдова, Нидерланды, Австралия, Мажарстан, Швеция, Словения мен Украина таланттары өтті.

Еске сала кетсек, 9 мамырда болған бірінші жартылай финалда Израиль, Эстония, Чехия, Австрия, Кипр, Болгария, Албания, Финляндия, Ирландия және Литва әншілері финалға жолдама алды. Сонымен қатар, ақтық сынға «үлкен бестік» - Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия мен Франция, жарысты ұйымдастырып жатқан Португалия әншілері автоматты түрде өтеді.

Eurovision-2018 жеңімпаздары сенбі күні белгілі болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер