Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы қайтыс болды - Өнер|25 Наурыз 2018, 12:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы қайтыс болды

Швейцарияның Цюрих қаласындағы ауруханада Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы 95 жастағы Лиз Ассия қайтыс болды. Бұл туралы Metro басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Әнші 1956 жылы Еurovision байқауында жеңіске жетіп, танымал болды. Алғашқы конкурста ол Refrain әнін орындады. Кейін 1957 және 1958 жылдары да конкурсқа Швейцария атынан шықты.

Ол 1924 жылы дүниеге келген. Отбасындағы 12 баланың кенжесі. Сахналық жолын биші болып бастаған. Ал, әнші ретінде алғаш рет 1940 жылы өнер көрсетті.

Соңғы жылдары Лиз Ассия «Еуровиденияға» байланысты түрлі шараға қатысты. 2012 жылы Бакуде өткен конкурста арнайы қонақ болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер